ЖАРИЯЛАНЫМДЫҚ ЭТИКАСЫ

«Тілтаным» журналында жариялауға материалдарды дайындау процесіне қатысатын тараптар, атап айтқанда: авторлар, рецензенттер, редакциялық алқа мүшелері – төменде сипатталған жарияланым этикасының стандарттарын ұстануы тиіс.

Осы Ережелер жарияланым этикасы жөніндегі комитет (COPE) қабылдаған этикалық қағидаттарға сәйкес келеді. Егер төменде сипатталған кез-келген принциптердің бұзылуы туралы күдік туындаса, журналдың редакциялық алқасы COPE нұсқауларын орындайды (http://publicationethics.org).

Жарияланым процесіне қатысатын барлық тараптар үшін, яғни автор, журналдың бас редакторы, рецензент және баспагердің этикалық мінез-құлық нормалары келісілуі қажет.

Жариялау туралы шешім

Редакцияға түскен мақалалардың қайсысы жариялануы керек деген шешімді  Бас редактор қабылдайды. Бас редактор редакциялық алқаның саясатын басшылыққа алуға құқылы, бірақ қолданыстағы заңнамамен шектелуі мүмкін. Журналдың бас редакторы шешім қабылдау кезінде редакциялық алқа мүшелерімен және рецензенттермен кеңесе алады.

Бас редактор қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын автордың жеке сенімдері мен көзқарастарына қарамастан объективті бағалайды.

Құпиялылық

Бас редактор мен редакция қызметкерлері ұсынылған қолжазба туралы ақпаратты автордан, рецензенттерден, ықтимал рецензенттерден, басқа редакциялық кеңесшілерден және қажет болған жағдайда баспагерден басқа ешкімге ашуға құқылы емес.

Ақпаратты ашу және мүдделер қақтығысы

Ұсынылған қолжазбадағы  жарияланбаған материалдарды автордың жазбаша келісімінсіз редактор өзінің жеке зерттеуінде пайдаланбауы керек.

РЕЦЕНЗЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕР

Редакциялық шешім шығаруға көмек

Резенция бас редакторға редакциялық шешімдер қабылдауға көмектеседі, сонымен қатар бас редактордың автормен байланысы автордың еңбегін жақсартуға көмектеседі. 

Жылдамдық

Қолжазбада ұсынылған зерттеуді қарауға қабілетсіз немесе қолжазбаны уақытында қарау мүмкіндігі жоқ кез-келген таңдалған рецензент редакторға хабарлап, өзін резенциялау процесінен шығаруын сұрауы тиіс.

Құпиялылық

Резенциялауға алынған кез-келген қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылуы керек. Материалдар Бас редактор уәкілеттік берген адамдардан басқа адамдарға көрсетілмеуі және талқыланбауы тиіс.

Объективтілік стандарттары

Пікірлер объективті болуы керек. Автордың жеке сыны орынсыз. Рецензенттер өз пікірлерін нақты және дәлелді түрде білдіруі керек.

Деректерді растау

Рецензенттер автор сілтеме бермеген жарияланымдарды анықтауы керек. Кез-келген мәлімдеме, бақылау, қорытынды немесе дәлел тиісті сілтемемен бірге жүруі керек. Тексеруші сонымен қатар бас редактордың назарын қарап отырған қолжазба мен кез-келген басқа жарияланған жұмыс арасындағы қандай да бір ұқсастыққа немесе сәйкестікке аударуы керек.

Ақпаратты ашу және мүдделер қақтығысы

Рецензиялау процесінде алынған құпия ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы тиіс және жеке мүдде үшін пайдаланылмауы керек. Рецензенттер мақалаға қатысы бар авторлардың, компаниялардың немесе мекемелердің кез-келгенімен бәсекелестіктен, ынтымақтастықтан немесе басқа қатынастардан туындайтын мүдделер қатынасын көретін қолжазбаларды қарастырмауы керек.

АВТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Есептілік стандарттары

Түпнұсқа зерттеу баяндамаларының авторлары орындалған жұмыс туралы нақты есепті, сондай-ақ оның маңыздылығын объективті талқылауды ұсынуы керек. Бастапқы деректер жазбаша түрде нақты жазылуы тиіс. Мақалада жұмыстың тексерілуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мәліметтер болуы керек. Алаяқтық немесе анық емес мәлімдемелер этикаға жатпайды және қабылданбайды.

Сақтау және деректерге қол жеткізу

Авторлар редакциялық түсініктемелер үшін зерттеудің бастапқы деректерін ұсынуы қажет және мүмкін болатын болса, осындай деректерге ашық қол жетімділікті қамтамасыз етуі керек, сондай ақ кез-келген жағдайда бұл деректерді жариялаудан кейін белгілі уақыт ішінде сақтауға дайын болуы керек.

Түпнұсқалық және плагиат

Мақала авторлары түпнұсқа жұмысты ұсынғандығына кепілдік беруі керек, басқа авторлардың жұмысын және/немесе дәйексөздерін қолданған жағдайда, библиографиялық сілтемелер немесе үзінділер берілуі – міндетті. Редакцияға келіп түскен барлық мақалалар Text.ru. жүйесі арқылы плагиатқа тексеріледі және  қабылдану үшін мақала мәтін бірегейлігі кемінде 80% болуы керек.

Бірнеше мақаланы бір мезгілде жариялау

Автор мағынасы бір зерттеуді сипаттайтын мақаланы бірнеше журналда жарияламауы керек. Бір қолжазбаны бірнеше журналға бір уақытта ұсыну этикаға жатпайды және оған жол берілмейді.

Көздерді растау

Басқа авторлардың жұмыстарына көрсетілетін сілтемелер міндетті талап болып табылады. Авторлар ұсынылған жұмыстың сипатына шешуші әсері бар жарияланымдарға сілтеме жасауы тиіс.

Мақала авторлығы

Авторлық ұсынылған зерттеудің тұжырымдамасына, дизайнына, орындалуына немесе түсіндірілуіне айтарлықтай үлес қосқандармен шектелуі тиіс. Маңызды үлес қосқандардың барлығы бірлескен авторлар ретінде тізімделуі керек. Жұмысқа үлес қосқан басқа да қатысушылар болған жағдайда олар қатысушылар ретінде көрсетілуі тиіс. Автор бірлескен авторлардың объективті болуына, сонымен қатар барлық авторлар мақаланың соңғы нұсқасын көріп, мақұлдап және оны жариялауға ұсынуға келіскендігіне кепілдік беруі керек

Қауіпсіздік

Егер жұмыс қауіп төндіретін химикаттармен, процедуралармен немесе жабдықтармен байланысты болса, автор оларды қолжазбада нақты анықтауы керек.

Ақпаратты ашу және мүдделер қақтығысы

Барлық авторлар өз еңбектерінде қаржыландыру туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың қолжазбаларының нәтижелеріне немесе интерпретациясына әсер еткен үшінші тарап мүдделерінің бар-жоғын ашуы тиіс.

Жарияланған еңбектердегі елеулі қателіктер

Автор өзінің жарияланған жұмысында елеулі қате немесе дәлсіздік тапқан жағдайда, автор бұл туралы журналдың бас редакторына немесе баспагерге хабарлап, мақаланы алып тастау немесе түзету үшін бас редактормен бірлесіп жұмыс істеуі керек.