РЕДАКЦИЯҒА КЕЛІП ТҮСКЕН ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫ РЕЦЕНЗИЯЛАУ ТӘРТІБІ:

Негізгі

Редакцияға келіп түскен қолжазбаларды рецензиялау тәртібі:

1. «Тілтанымға» келіп түскен барлық қолжазба міндетті түрде рецензиялауға жатады.

2. Жауапты редактор мақаланың рәсімделуін және журналдың профиліне сәйкестігін тексереді. Содан кейін ғылыми мақала тақырыбына қарай редколлегия мүшесіне, ғылым докторына немесе  кандидатына қарауға жіберіледі. Редакция сыртқы рецензенттерді (ғылым докторларын немесе кандидаттарды, оның ішінде практик-мамандарды) тартуға құқылы.

3. Мақаланы қарау мерзімі нақты жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ он бес жұмыс күнінен аспауы керек.

4. Рецензент қолжазбаны алған сәттен бастап бір апта ішінде рецензиялаудан бас тартуға және бұл туралы журналдың редакция алқасына жазбаша хабарлауға құқылы.

5. Мақала рецензентке басып шығарылған және (немесе) электрондық түрде ұсынылады. Рецензенттерге қарауға жіберілген мақалалар авторлардың жекеменшігі болып табылатындығы және басқа біреуге жариялауға болмайтындығы туралы хабарланады. Рецензенттерге мақалалардың көшірмесін жасауға және оны үшінші тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.

6. Рецензияда келесі мәселелер қарастырылады:

  • ғылыми мақаланың мазмұны мен тақырыптың өзара сәйкестігі;
  • мақаланың қазіргі ғылыми жетістіктер мен нәтижелерге сәйкестігі;
  • мақаланың стилі мен формасы, суреттердің, кестелердің, диаграммалардың берілу жолдарының оқырманға түсініктілігі;
  • мақаладағы пайдаланған әдебиеттердің берілуі мен ондағы ақпараттың плагиатқа тексерілуі;
  • мақаланың дұрыс және кейбір сәйкес емес жақтарын баяндау, сондай-ақ оны қайта қарау және толықтыру жөніндегі ұсыныстар;
  • Авторға қандай түзетулер мен толықтырулар енгізу керек екендігі туралы мәлімет беру, мақалада көрсетілген түзетулерді енгізе отырып журналда жариялау.

7. Рецензияның қорытынды бөлімінде жалпы қолжазба туралы негізделген тұжырымдар мен оны жариялауға болатындығы туралы нақты ұсыныс болуы керек әрі келесі шешімдердің бірі қамтылуы керек:

  • қолжазбаны ашық түрде жариялауды ұсыну;
  • қолжазбаға техникалық түзету енгізе отырып, ашық түрде жариялауды ұсыну;
  • автор рецензенттің ескертулерін түзеткеннен кейін қолжазбаны ашық түрде жариялауды, содан кейін сол рецензентке қайта қарауға жіберуді ұсыну;
  • журналдың мазмұны ғылыми жағынан қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оны жарияламауды ұсыну (рецензент жариялауға ұсынбаған мақала қайта қаралмайды).

8. Мақаланы жариялауға жіберу туралы оң шешім қабылданған жағдайда жауапты хатшы бұл туралы авторға хабарлайды және жариялау мерзімін көрсетеді.

9. Қолжазбаны жалпы теріс бағалау жағдайында рецензент өз тұжырымдарын сенімді түрде негіздеуі керек. Егер рецензияда мақаланы түзету және пысықтау бойынша ұсыныстар болса, авторға оны дайындау кезінде ескеру керек екені немесе дәлелді түрде мәлімет келтіру керек екені туралы рецензия мәтіні жіберіледі. Автормен пысықталған (қайта өңделген) мақала рецензиялауға қайта жіберіледі. Рецензенттің пікірімен келіспеген жағдайда мақала авторы журналдың редакциясына жазбаша түрде оның қолжазбасын басқа рецензентке жолдау туралы дәлелді өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда журналдың редакциялық алқасы қолжазбаны қайта (қосымша) рецензиялауға жібереді немесе авторға дәлелді бас тартуды ұсынады.

10. Рецензиялардың түпнұсқасы журналдың редакциясында бес жыл бойы (оның ішінде құзыретті органдарға беру үшін) сақталады.