Preview

АРНАЙЫ САЙТ АРҚЫЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АУДАРУ ТӘЖІРИБЕСІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-182-192

Толық мәтін:

Аннотация

Мақал-мәтелдер – белгілі бір шындықты немесе айқын айғақты ақпаратты бойына жинаған дайын құрылымдар. Олар адам өмірінің көптеген аспектілерін қамтиды және күнделікті өмірде жиі қолданылады. Мақал-мәтелдердің ықшамдылығы мен құрылымының қолдануға ыңғайлылығы оларды есте сақтау жолын жеңілдетеді. Әр түрлі елдерде мақал-мәтелдер көбінесе ұқсас тақырыпты қозғағанымен, әртүрлі формада жеткізілген. Зерттеу барысында мақал-мәтелдерді аударуға арналған онлайн аударма-сайтын жасадық. Бұл зерттеу барысында біз мақал- мәтелдерді тақырыбы мен мағыналық ұқсастығына сәйкес аталған сайтта топтастыру жолын көрсеттік. Жүзге жуық мақал-мәтелдер жинақталып, сайтта топтастырылды. Сайтта мақал-мәтелдердің әр түрлі дәрежедегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі баламалары берілген. Бұл мақал-мәтелдердің кез келгенін тірек сөз арқылы ағылшынша да, қазақша да іздеу батырмасын қолдана отырып, аталған сайттан табу жолдары жеңілдетілген. Сайт оқырмандардың кең ауқымына арналған. Сайтты ағылшын және қазақ тілін үйренушілер, аударма ісі, филология, психология, фольклор, тарих, әдебиеттану, мәдениеттану т. б. салалардың білім алушылары, оқытушылар, ізденушілер мен кәсіби аудармашылар қолдана алады. Болашақта сайт қоры үнемі толықтырылып отырады.

Авторлар туралы

Н. Жұмай
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

Автор-корреспондент, философия докторы (PhD).

Астана қ.



Д. Л. Нұрпейісова
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Қазақстан

Магистр

Қарағанды қ.



С. Қ. Мәулетова
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Қазақстан

Магистр.

Қарағанды қ.



Әдебиет тізімі

1. Адамбаев Б. (1996) Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық және мағыналық ұқсастықтары. – Алматы, 1996. – 117 б.

2. Алпысбаева Қ., Әуесбаева П., Әлібеков Т., Қосанов С., Сәкенов С. (2001) Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері. – Алматы, 2001. – 463 б.

3. Бекмамбетова З.Ж. (2019) Паремиологические сочетания в контексте других устойчивых выражений // Tiltanym. – 2019. – №1. – C. 43-47.

4. Kuzmin S.S., Shadrin N.L. (1989) Russian-English Dictionary of Proverbs and Sayings, 1989. – 352 р. Kunin A.V. (2005) The course of the phraseology of modern English, 2005. – 488 р.

5. Қазақтың мақал-мәтелдері (2005) / Құраст. А.Т. Смаилова. – Алматы: Көшпенділер баспасы, 2005. – 312 б.

6. Қайдар А. (1998) Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998. – 308 б.

7. Малайсарин Ж. (2004) Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы, 2004. – 184 б.

8. Trench R.Ch. (1961) Proverbs and their lessons. – London: G. Routledge, 1961. https: //biblicalelearning.org/wp- content/uploads/2022/01/Trench-ProverbsAndTheirLessons.htm

9. Пермяков Г.Л. (1979) Пословицы и поговорки народов. – Москва: Наука, 1979. – 671 с.

10. Уәлиханов Ш. (1984) Бес томдық жинақ. – Алматы, 1984. – 432 б.

11. Шумбалов А. Е., Төлегенова А. А. (2019) Ағылшын тілі – ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кітабы. – Алматы, 2019. – 112 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жұмай Н., Нұрпейісова Д.Л., Мәулетова С.Қ. АРНАЙЫ САЙТ АРҚЫЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ АУДАРУ ТӘЖІРИБЕСІ. TILTANYM. 2024;(2):182-192. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-182-192

For citation:


Zhumay N., Nurpeissova D., Mauletova S. EXPERIENCE IN TRANSLATING PROVERBS AND SAYINGS THROUGH A SPECIAL SITE. Tiltanym. 2024;(2):182-192. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-182-192

Қараулар: 27


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)