Preview

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ АДАМ МІНЕЗІН СИПАТТАЙТЫН ЗООНИМ КОМПОНЕНТТЕРІ БАР ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-69-79

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі адамның мінезін сипаттайтын зоонимдік компоненттері бар фразеологизмдер талданады. Адами қасиеттер мен мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттау үшін жануарлар бейнелерімен сипатталатын тұрақты тіркестер экспрессивті құралдар аясында қарастырылады. Екі тілдегі зоонимдік компонентті фразеологизмдерге салыстырмалы әдіс арқылы талдау жүргізілген.

Қос мәдениет өкілдерінің дискурсындағы фразеологиялық тіркестерді қолдану ерекшеліктерін сипаттау барысында ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау, қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік компоненттері бар фразеологиялық бірліктерді талдау – мақаланың мақсаты.

Мақаланың негізгі бөлімінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік компоненттері бар фразеологиялық бірліктер адамның мінезі туралы көзқарастардың көрінісі және коммуникацияда мәдени ерекшеліктер екені дәлелденеді. Талдау нәтижесінде екі тілде де мінезге қатысты адами қасиеттерді сипаттау үшін зоонимдік компонентті фразеологиялық бірліктердің қолданылатыны анықталды. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер жануарлармен тығыз байланысты, яғни малға қатысты зоонимдерді көрсетсе, ағылшын тілі көбінде құстар, жәндіктер және теңіз тіршіліктерімен байланысты зоонимдерге сүйенеді. Зерттеу нәтижелері тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттесуін зерттейтін лингвистер мен аудармашыларға және мәдениеттанушыларға пайдалы болуы мүмкін.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі зоонимдік компоненттері бар фразеологизмдерді салыстырмалы талдау, әртүрлі мәдениет өкілдерінің адам мінезін қалай қабылдауы мен сипаттауындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау зерттеу тақырыбының өзектілігі болды. Тақырыпқа қатысты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, өзіндік ой-пікір ұсынылды. Мақаланың негізгі зерттеу нысанына айналған зоонимдік компоненттері бар фразеологизмдерге жан-жақты талдау жүргізілді

Авторлар туралы

Б. Халым
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Б. Халым - Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасына қарасты қазақ филология мамандығының 2-курс докторанты

Алматы қ.

 



Г. Н. Смағұлова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Алматы қ.



И. Б. Бaйcыдық
Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педагогикалық унивepcитeтi
Қазақстан

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Мықтыбаева Т.Ж. (2005) Қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік фразеологизмдердің коннотативтік семантикасы: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2005.

2. Қоңыров Т. (2007) Тұрақты теңеулер сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 480 б.

3. Копыленко М.М (1995) Основы этнолингвистики. – Алматы, 1995.

4. ағылшын мақал-мәтелдері. (2003) Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде. – Алматы: Көшпенділер, 2003. – 467 б.

5. Рсалиева Н.М. (2012) Қазақ және ағылшын тілдеріндегі идиомалардың аудармасы жөнінде // IV International Conference Building Cultural Bridges: Language, Literature, Translation and Journalism, 2012. – 145-149-бб.

6. Хасанов М.Ш. (1993) Космос казахской культуры. – Алматы: Евразия, 1993. – 177 б.

7. Байсыдық И., Кудеринова К., Шаханова Р., Ризахожаева Г., Жылтырова Ж. (2023) Lexical aspect in language and culture communication // XLinguae, – 2023. Vol.16, No.1. – P. 216 – 223.

8. Кеңесбаев І.К. (1977) Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 711 б.

9. Қайдар Ә.Т. (1998) Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: 1998. – 8-29-бб.

10. Смағұлова Г.Н., Айтжанова Г.Д. (2005) Фразеологиялық калькалар. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 121 б.

11. Ғабитов Т. (1996) Мәдениеттануға кіріспе. – Алматы: Санат, 1996. – 128 б.

12. Манкеева Ж.А (1997) Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы: филол. ғылым. докт. ... автореф. – Алматы, 1997. – 53 б.

13. Corpas Pastor, G., Mena Martinez, F. M. (2004) La globalización de la fraseología como convergencia cultural. Letras de Hoje, Porto Alegre, V. 39, N.1, p. 9-43, mar. 2004.

14. Ларин Б.А. (1993) Избранные труды. Вып.2. – 1993. – 240 с.

15. Кубрякова Е.С. (1996) Краткий словарь когнитивных терминов. – М.: Москва. 1996. – 85 с.

16. Fillmore C.J. (1988) Regularity and Idiomaticity in Grammatical Constructions, 1988, – P. 501-538.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Халым Б., Смағұлова Г.Н., Бaйcыдық И.Б. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ АДАМ МІНЕЗІН СИПАТТАЙТЫН ЗООНИМ КОМПОНЕНТТЕРІ БАР ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР. TILTANYM. 2024;(1):69-79. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-69-79

For citation:


Halym B., Smagulova G.N., Baissydyk I.B. PHRASEOLOGICAL UNITS WITH A ZOONYMIC COMPONENT THAT CHARACTERIZE THE CHARACTER OF A PERSON IN THE KAZAKH AND ENGLISH LANGUAGES. Tiltanym. 2024;(1):69-79. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-69-79

Қараулар: 179


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)