Preview

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫ: ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕНІМІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-189-196

Толық мәтін:

Аннотация

 Корпус әзірлеу қазіргі әлем тілдерінің барлығы үшін басым бағыттардың біріне айналғандықтан, Қазақ тілінің ұлттық корпусын (ҚТҰК) жетілдіру де аса өзекті мәселе. ҚТҰК базасындағы сөз мағынасын танытатын линвгистикалық ақпараттың бір түрі – лексика-семантикалық белгіленім. Мақалада лексика-семантикалық белгіленімге қатысты әлемдік тәжірибе қарастырылып, шетелдік зерттеулерге шолу жасалады. Орыс тілі және қалмақ тілі ұлттық корпустары талдана келе қазақ тілінің ұлттық корпусындағы ерекшеліктер атап өтіледі.Етістіктерді лексика-семантикалық топтарға бөлу, соның негізінде корпус белгіленімін жасақтау, яғни сөз мағынасын ашатын белгі-кодтарды анықтау жолдары көрсетіледі.

Зерттеуде лексика-семантикалық топтар етістіктердің мағыналарын сипаттау және ортақ мағыналары негізінде синтездеу тәсілі арқылы жіктелді, қазақ етістіктерінің мағыналық топтары өзара және басқа тілдердегі семантикалық топтармен салыстырылды.

Зерттеу нәтижесінде Қазақ тілінің ұлттық корпусына етістіктің мағынасын сипаттайтын макро- және микротоптар енгізілді. Барлығы 100 лексика-семантикалық топ жасақталды. Етістіктердің лексикалық-семантикалық белгіленімі алты түрлі белгі-кодты қамтыды. Корпус базасындағы 18200 етістікке лексика-семантикалық белгіленім қойылды.

Жасалған лексика-семантикалық белгіленім Қазақ тілінің ұлттық корпусында сөз туралы ақпаратты кеңейтіп, қолданушының сөз мағынасын оңай анықтауына, мағынасы ұқсас етістіктерді және жағымды, жағымсыз реңкке ие етістіктерді сұрыптауына мүмкіндік береді. Лексика-семантикалық белгіленім алдағы уақытта жасалуы көзделіп отырған қазақ тіліндегі жасанды интеллектінің сөз семантикасын тану қызметін де жеңілдететін алғашқы қадамдардың бірі деуге болады.

Авторлар туралы

Қ. Б. Слямбеков
https://tbi.kz/
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Қ.Б. Слямбеков - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер

г. Алматы



А. М. Садық
К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті
Қазақстан

  А.М. Садық - К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің оқытушысы

 г. Алматы 



Әдебиет тізімі

1. Баранов А.Н. (2003) Корпусная лингвистика. Введение в прикладную лингвистику. – М.: Едиториал УРСС, 2003. – 114 с.

2. Жұбанов А.Қ, Жаңабекова А.Ә. (2017) Корпустық лингвистика. – Алматы: Қазақ тілі, 2017. – 336 б.

3. Захаров В.П. (2020) Корпусная лингвистика. – СПб.: Изд. Санкт-Петербургского университета, 2020. – 234 с.

4. Зубов А.В., Зубова И.И. (2004) Информационные технологии в лингвистике. – М., 2004. – 208 с.

5. Исаев С. (1998) Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998. – 304 б.

6. Куканова В. (2005). Принципы семантической разметки Национального корпуса Калмыцкого языка // Национальный корпус русского языка: 2003-2005. Результаты и перспективы. – М., 2005. – C. 187-192.

7. Кустова Г. И., Ляшевская О. Н., Падучева Е. В., Рахилина Е. В. (2005) Семантическая разметка лексики в Национальном корпусе русского языка: принципы, проблемы, перспективы // Национальный корпус русского языка: 2003-2005. Результаты и перспективы. – М., 2005, – C. 155-174.

8. Kyto M., Rissanen M. (2012) A Language in transition: The Helsinki Corpus of English texts. – Helsinki: University of Helsinki, 2012. – 680 p.

9. McEnery T., Wilson A. (2001) Corpus Linguistics. – Edinburgh: Edinburgh University Press, 2001. – 235 p.

10. Meyer Ch. F. (2002) English Corpus Linguistics & An Introduction. – Cambridge: Cambridge University Press, 2002. – 168 p.

11. Момынова Б. (2012) Қазақ тiлiнің морфологиясы. – Алматы: Арыс, 2012. – 239 б.

12. Оразов М. (1991) Қазақ тілініц семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991. – 216 б.

13. Сиразитдинов З.А. (2006) Моделирование грамматики башкирского языка. – Уфа: Гилем, 2006. – 160 с.

14. Finegan E. (2004). Language: its structure and use. – N.Y.: Harcourt Brace College Publishers, 2004. – 607 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Слямбеков Қ.Б., Садық А.М. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫ: ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕНІМІ. TILTANYM. 2024;(1):189-196. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-189-196

For citation:


Slyambekov Q.B., Sadyk A.M. THE NATIONAL CORPUS OF THE KAZAKH LANGUAGE: THE SEMANTIC MARKUP ОF VERBS. Tiltanym. 2024;(1):189-196. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-189-196

Қараулар: 152


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)