Preview

ҚҰСБЕГІЛІК КӘСІБІНЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ КӨРІНІСІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-100-110

Толық мәтін:

Аннотация

Құсбегілік және саятшылық дәстүрлі қазақ қоғамында үлкен рөлге ие. Бүгінде тарихи ескерткішке айналған халқымыздың төл өнері жайлы деректер түркілердің VI-VII ғасырдағы жазбаларынан бастау алған. Өткенімізге көз жүгіртіп, тарих беттерін ақтарар болсақ, онда, ең алдымен, Тұран даласын, жалпы түркілердің қара шаңырағы атанған қазақтың кең даласын мекен еткен көшпенділер өміріне тоқталамыз. Көшпенділер десек, көз алдымызға жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт келері сөзсіз.

Зерттеудің мақсаты – салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы құсбегілікке қатысты атаулардың пайда болу тарихын ашу. Тілдік бірліктерді бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Мақалада көшпелі қазақ елінің құсбегілік өнерінің тарихи қыр-сыры жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар қазақ тіліндегі тақырыпқа қатысты тілдік қолданыстардың өзіне тән табиғаты, көркемдік нақышы, бағалауыштық сипаты, коннотациясы анықталған. Саятшылықты, құсбегілікті кәсіп еткен халық артынан келешек ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. Яғни, саятшылық ең алғаш көшпенділерден шыққан деген тұжырымға тоқталамыз. Ол туралы өз жазбаларында Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, М. Әуезов сынды т.б. ғалымдар атап көрсеткен. Халық ауыз әдебиетінде құсбегілік жайлы аңыз-әңгімелер, өтірік өлең, ертегі, миф секілді әдебиет жанрлары қалыптасып, тарихпен сабақтаса отырып, бүгінгі күнге мұра болып бізге жеткен. Сол арқылы қазақ тіл білімінде құсбегілікке, саятшылыққа ғана тән тілдік бірліктер қалыптасқан. Құсбегілікке қатысты атаулар – ұлт пен ұлысқа ортақ заңдылық. Сол себепті де бұл тілдік бірліктердің сипаты әлем тілдерінде әралуан аспектіде зерттеліп келеді.

Авторлар туралы

А. И. Сейтимова
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Қазақстан

Автор-корреспондент, докторант.

Қарағанды қ.



Е. Е. Түйте
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Қазақстан

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Қарағанды қ.



Savaş Şahin
Акдениз университеті
Түркия

Философия докторы (PhD), профессор.

Анталия қ.



Әдебиет тізімі

1. Айтмұқашова А.А. (2007) Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика. Филол. ғыл. канд.... дисс. автореф. – Алматы, 2007.

2. Әбілғазы Б. (1992) Түрік шежіресі. Көне түркі тілінен аударған Б. Әбілқасымұлы. – Алматы: Ана тілі, 1992.

3. Әуезов М. (2014) Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 3-том. – Алматы: Дәуір, Жібек жолы, 2014.

4. Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. (1983) Қырандар. – Алматы: Қайнар, 1983.

5. Даль В. (1956) Русский толковый словарь. – Москва, Гос. изд. иностранных и национальных словарей, 1956.

6. Древнетюркский словарь (1969) – Ленинград: Наука, 1969.

7. Ел аузынан (1988) Құрастырушылар: Адамбаев Б., Жарқынбекова Т. – Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б.

8. Жәңгірұлы Ш. (1986) Алымыр құстар жөнінде // Ғылым және өнер (Үрімжі). – 1986, №4.

9. Күлтегін. Тоныкөк. (2001) – Алматы: Өлке, 2001.

10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1961) 10 томдық. Жалпы редакциясын басқарған Ысқақов А. – Алматы. Ғылым, 1961.

11. Қайдар Ә. (2014) Ғылымдағы ғұмыр. – Т. VI. – Алматы: Сардар, 2014.

12. Қайдар Ә. (2013) Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік). – ІI том. – Қоғам. – Алматы. Сардар, 2013.

13. Марғұлан Ә. (2007) Саят құстары // Таңдамалы. 2-том. – Алматы: Алатау, 2007.

14. Мұқанов С. (2002) Халық мұрасы: Тарихтық-этнографиялық шолу. – Алматы: Жазушы, 2002. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. – Санкт-Петербург: Типогр. Импер. Акад. наук, 1905.

15. Сейтимова А.И., Түйте Е.Е. Құсбегілік кәсібіне байланысты кейбір сөздердің шығу төркіні // Қарағанды университетінің Хабаршысы. – Филология сериясы. – 2023. – № 2 (110).

16. Уахатов Б. (1993) Алтын бастау. – Алматы: Рауан, 1993

17. Хинаят Б., Исабеков Қ. (2007) Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. – Алматы: Алматыкітап, 2007.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сейтимова А.И., Түйте Е.Е., Şahin S. ҚҰСБЕГІЛІК КӘСІБІНЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ КӨРІНІСІ. TILTANYM. 2024;(2):100-110. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-100-110

For citation:


Seitimova A.I., Tuite Y.Y., Şahin S. THE APPEARANCE IN THE TURKS WORLD OF NAMES RELATED TO THE PROFESSION OF TRAINING OF TRAPPING BIRDS. Tiltanym. 2024;(2):100-110. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-100-110

Қараулар: 28


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)