Preview

Қытай экзонимдік атауларын қазақ - латын графикасында транскрипциялаудағы фонетикалық мәселелер

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-177-188

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қытай тіліндегі экзонимдік атауларды қазақ-латын графикасында транскрипциялау, ондағы фонетикалық және фонологиялық мәселелер қарастырылады. Сондай-ақ қытай фонетикалық әліпбиі мен латыннегізді қазақ әліпбиіндегі дыбыстарға салғастырмалы талдау жасалып,  қазақ және қытай тілдерінің дыбыс жүйесінің контрастивті сипаттамасы беріледі, баламалы/баламасыз дыбыстардың аражігі ажыратылады. Екі тілдің дыбыс жүйесіндегі баламалы/баламасыз дыбыстарды айқындау арқылы латын әліпбиіне транскрипциялауда қиындық тудыратын жағдаяттар анықталады. Жұмыстың басты мақсаты - қытай экзонимдік атауларын қазақ тілінің латын графикасы негізінде транскрипциялаудағы фонетикалық мәселелерді анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын қарастыру.

Алдағы жылдары Қазақстанда латын жазуына көшу жоспарланып отырғаны белгілі. Осыған сәйкес барлық салада жұмыстар жасалуда. Оның ішінде ономастикалық атаулар, шеттілдік атаулар мен кірме сөздер мен оларды транскрипциялау, транслитерациялау, аудару мәселелері бар. Қытай онимдері, оның ішінде экзонимдік атаулар қазақ тіл білімінде зерттелмеген тың тақырыптардың бірі. Оларды қазақ-кирилл графикасында транслитерациялау – әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе. Ал қытай экзонимдік атауларын латын негізді қазақ әліпбиінде транскрипциялау тың зерттеуді қажет ететін мәселе, оларды тіліміздің фонетикалық, орфографиялық нормаларына сай трансформациялау арқылы дұрыс жазуға, айтуға және қолдануға жол ашамыз.

Зерттеудің тұжырымдары мен талдауларын қытай тілі мен қазақ тілінің дыбыстық жүйелерін салғастыра оқытуда және зерттеуде, қытай тілінің ономастика саласы бойынша зерттеулерде пайдалануға болады.

Авторлар туралы

А. С. Қойбақова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

А.С. Қойбақова - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты

 Алматы қ.



А. А. Солтанбекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

А.А. Солтанбекова - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызмкеткері, филол.ғыл.канд.

Алматы қ.



Т. Қалибекұлы
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Қазақстан

Т. Қалибекұлы - Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің профессоры, филол.ғ.к. 

Алматы қ.



Д. М. Пашан
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Д.М. Пашан - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филол. ғыл., канд.

 Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. https://kaz.inform.kz/news/prezidenttn-beyzhndeg-bayandamasi-kitayda-aleumettk-zhellerdn-basti-takiribi-bolip-tur-24708c/

2. https://www.nlrk.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1271:pekin-operasy-atty-kitap-k-rmesi-2&catid=47&lang=kz&Itemid=127

3. https://kaz.inform.kz/news/guanchzhou-turgyndary-karantinnen-kauiptenip-azyk-tulikti-molynan-satyp-alyp-zhatyr_a3921769/

4. https://qazaqtimes.com/article/53929

5. https://qazaqstan.tv/news/136504/

6. Ермолович Д.И. (2009) Методика межъязыковой передачи имен собственных // Всероссийский центр переводов научно-техничесокой литературы и документации. – М., 2009. – 34 с.

7. Күдеринова Қ.Б. (2013) Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. – Алматы: Елтаным, 2013. – 344 б.

8. Қалибекұлы Т. (2022) Қытай тіліндегі кісі есімдері мен жер-су атауларын қазақ-кирилл графикасында жазу мәселесі// Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Хабаршысы «Филология ғылымдары» сериясы. – Алматы. – №1 (64) 2022. – бб. 10-16.

9. Лысая Е.И. (2019) Особенности транскрипции имен собственных с китайского языка на русский и белорусский // Сборник статей международной научно-практической конференции. – М., 2019. – С. 224-228.

10. Рысберген Қ., Бармешова Н., Садырбаева З., Тұрғынбаев Ж., Садық Д., Сейітбатқал А. (2021) Қазақ тіліндегі өзге тілді ономастикалық атаулардың анықтамалығы. – Алматы, 2021. – 535 б.

11. Салқынбай А. (2008) Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 340 б


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қойбақова А.С., Солтанбекова А.А., Қалибекұлы Т., Пашан Д.М. Қытай экзонимдік атауларын қазақ - латын графикасында транскрипциялаудағы фонетикалық мәселелер. TILTANYM. 2024;(1):177-188. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-177-188

For citation:


Koibakova A.S., Soltanbekova A.A., Kalibekuly T., Pashan D.M. PHONETIC PROBLEMS IN TRANSCRIPTION OF CHINESE EXONYMOUS NAMES IN KAZAKH - LATIN GRAPHICS. Tiltanym. 2024;(1):177-188. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-177-188

Қараулар: 156


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)