ПРЕЦЕДЕНТТІ МӘТІН ЖӘНЕ МАҚАЛА СЕМАНТИКАСЫ
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-224-233
Аннотация
Қазіргі кезде БАҚ-тағы прецедентті мәтіндердің қолданысы мәселесі қызықты әрі өзекті тақырып болып отыр. Прецедентті феномендер – ұлттық мәдени құндылықтарды жеткізетін әрі қалыптастыратын құбылыс. Сол себепті журналистер өз мәтіндерінде мұндай келтірінді құрылымдарды кеңінен пайдаланады. Солай өз жұмысының ерекшелігін танытады, оқырманның қызығушылығын арттырады, назарын тез аудартады және хабарды ықшамды жеткізе біледі. Осы мәселені зерттеуді көздеген мақаламыздың мақсаты – прецеденттілік мәселесін қарастыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін прецедентті мәтіндерге талдау жасау және жинастыру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: прецеденттік феномен, прецедентті мәтін ұғымдарына анықтама беру; қазіргі публицистикадағы прецедентті мәтіннің алатын орнын, негізгі рөлін анықтау; прецеденттіліктің негізгі дереккөздеріне тоқталу; газет дискурсындағы прецедентті мәтіндердің когнитивтік және лингвомәдени аспектілерін қарастыру. Зерттеу барысында сипаттау, талдау, жинақтау, салыстыру әдістері қолданылды. Мақаламыздың негізгі бөлімі бойынша қазақтілді және орыстілді жастар арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде прецедентті мәтіндердің баспасөз беттеріндегі көрінісі талданды. Сауалнама жүргізу арқылы жастардың танымындағы прецедентті мәтіндердің танылуы, қабылдануы анықталды. «Шырағың сөнбесін», «Оянған өлке», «Оян, қазақ!» шығармаларының прецедентті мәтін ретінде газет дискурсындағы көрінісі зерттелді. Зерттеу нәтижелерін оқу орындарында стилистика, мәтін лингвистикасы, журналистика мамандығына арналған пәндерді оқытуда пайдалануға болады.
Авторлар туралы
А. Ш. ҚаппасоваҚазақстан
Әйгерім Шұғайқызы Қаппасова - докторант
Қарағанды қ.
А. С. Адилова
Қазақстан
Алмагүл Советқызы Адилова - филология ғылымдарының докторы, профессор
Қарағанды қ.
Әдебиет тізімі
1. Абдыханова Б. Фольклорлық шығармалардың прецедентті мәтін ретіндегі лингвомәдени қызметі (ХХІ ғ. көркем шығармалары негізінде): философия докторы (PhD) ... дисс. – Астана, 2018. – 147 б.
2. Адилова А.С. Көркем мәтіндердегі цитация құбылысы. – Алматы: Эверо, 2015. – 252 б.
3. Адис Қ. «Шырағың сөнбесін» деуші еді...» [Электронды ресурс]. https://new.zhalagash-zharshysy.kz/kogam/12008-shyray-snbesn-deush-ed.html
4. Алшынбай Е. «Оянған өлке» [Электронды ресурс]. https://egemen.kz/article/207591-oyanghan-olke
5. Амренова Р.С., Каирбекова И.С. Қазақ халқының мәдени кеңістігі: лингвомәдениеттанымдық сөздік. – Көкшетау: Мир печати, 2014. – 216 б.
6. Ахтанов Т. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Meреке, 2013. – 608 б.
7. Әшімханова Ф.М. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2007. – 112 б.
8. Васильев А.Д. Интертекстуальность: прецедентные феномены. – Москва: Флинта, 2013. – 342 с.
9. Денисова Г.В. В мире интертекста: язык, память, перевод. – Москва: Азбуковник, 2003. – 298 с.
10. Иманбердиева С. Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде). – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2010. – 378 б.
11. Красных В.В. «Свой» среди «чужих»: миф или реальность? – Москва: Гнозис, 2003. – 375 с.
12. Мадиева Г.Б. Имя собственное в контексте познания. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 274 с.
13. Маманқызы А. «Оян, қазақ» сөзі «Оян, қазақ» идеясына айналды» [Электронды ресурс]. https://baq.kz/oyankazak-sozi-oyan-kazak-ideyasyna-aynaldy-professor-_238374/
14. Сайлауқызы А. «Оян, қазақ!» феномені» [Электронды ресурс]. https://arasha.kz/nazarda/ojan-qazaq-fenomen/ Сәкенқызы А. «Қазақы дәстүр немесе шырағың сөнбесін» [Электронды ресурс]. https://qarmaqshytany.kz/kogam/21350-azay-dstr-nemese-shyray-snbesn.html
15. Hart, Ch. (2017) Metaphor and Intertextuality in Media Framings of the (1984–1985) British Miners’ Strike: A Multimodal Analysis. Discourse & Communication, Vo. 11 (1), pp. 3-30. https://doi.org/10.1177/1750481316683291
16. Шаяхмет А. «Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!» [Электронды ресурс]. https://abai.kz/post/155471
17. Shonoda, M. (2012) Metaphor and Intertextuality: A Cognitive Approach to Intertextual Meaning-Making in Metafictional Fantasy Novels. International Research in Children's Literature, Vo. 5, No. 1: pp. 81-96. http://dx.doi.org/10.3366/ircl.2012.0045
Қосымша файлдар
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Қаппасова А.Ш., Адилова А.С. ПРЕЦЕДЕНТТІ МӘТІН ЖӘНЕ МАҚАЛА СЕМАНТИКАСЫ. TILTANYM. 2024;(3):224-233. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-224-233
For citation:
Kappasova A., Adilova A. PRECEDENT TEXT AND SEMANTICS OF THE ARTICLE. Tiltanym. 2024;(3):224-233. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-224-233