Preview

ТҮРКІ (ҚЫПШАҚ) ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚЫСАҢ ДАУЫСТЫЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-5-12

Толық мәтін:

Аннотация

Салыстырмалы-тарихи әдістердің негізінде туыстас түркі тілдерінің жақындық дәрежесі мен ортақ белгілері айқындалады. Қыпшақ тобына жататын қазақ және туыстас түркі тілдерінің фонетика-фонологиялық құрылымдары диахрондық аспектіде зерттеледі. Қыпшақ тобына кіретін қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай-балқар тілдерінің материалдары негізінде түркі тілдерінің әмбебап фонологиялық құбылыстары сингармонизм заңы мен аглютинативті құрылымына негізделген.  

Зерттеудің мақсаты салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы қазақ және туыстас (қыпшақ) түркі тілдерінің фонетика-фонологиялық құрылымдарында жалпы және айырықша ерекшеліктерді анықтау. Туыстас түркі тілдерінің вокализм жүйесі бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері анықталынады және соның нәтижесінде фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері белгіленіп, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипатталады. Қыпшақ тобына кіретін дауысты (y, і, u, ü) қысаң дыбыстарының салыстыру нәтижесінде туысқан тілдердің фонологиялық жүйелеріндегі жалпы және айрықша белгілер айқындалады. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің теориялық және практикалық мәні зор. Қазіргі түркі тілдерінің үлкен тармағын құрайтын қыпшақ тобының тілдерін және ежелгі түркі дәуірінің жазба ескерткіштерінің тілдерін диахрондық фонология тұрғысынан қарастырғанда тіл білімінің басқа салаларындағы жалпы заңдылықтарды зерттеуде кең перспективалар ашылады.

Авторлар туралы

З. М. Базарбаева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы қ



Н. Оспанғазиева
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы қ



Әдебиет тізімі

1. Аралбаев Ж. (1988) Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. – Алматы, 1988. (in Kazakh)

2. Базарбаева З. Қазақ фонологиясының негіздері. Алматы, 2012. (in Kazakh)

3. Баскаков Н.А. (1988) Историко-типологическая фонология тюркских языков. – М., 1988. (in Russian)

4. Ескеева М. (2007) Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі – Алматы, 2007. (in Kazakh)

5. Құрышжанұлы Ә. (2011) Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, 2011. (in Kazakh)

6. Мұсабаев Ғ. (1988) Қазақ тілі тарихынан. – Алматы, 1988. (in Kazakh)

7. Оразов М. (2004) Түркі тілдерінің зерттеліне бастауы туралы // Түркология, №4. 2004. (in Kazakh)

8. Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков. М., 2002. (in Russian)

9. Cабыр М. (2004) Орта түркі лексикасы мен қазақ тілі лексикасының сабақтастығы (ХІV ғасыр жазба ескеркіштері негізінде). Фил. ғыл. докт. ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссер. авторефераты. – Алматы, 2004. (in Kazakh)

10. Cагындыкулы Б. (2009) Фонологические закономерности развития лексики тюркских языков. – Алматы, 2009. (in Kazakh)

11. Томанов М. (1981) Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Фонетика, морфология. –Алматы, 1981. (in Kazakh)

12. Bazin L Y a-t-il en turc des alternances vocaliques // UAIB, 1961. XXXIII, 1-2. (in French)

13. Щербак А.М.Сравнительная фонетика тюркских языков Л. 1970. (in Russian)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Базарбаева З.М., Оспанғазиева Н. ТҮРКІ (ҚЫПШАҚ) ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚЫСАҢ ДАУЫСТЫЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ. TILTANYM. 2024;(1):5-12. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-5-12

For citation:


Bazarbayeva Z.M., Ospangaziyeva N. HISTORICAL FOUNDATIONS OF NARROW VOWELS IN THE TURKIC (KIPCHAK) LANGUAGES. Tiltanym. 2024;(1):5-12. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-5-12

Қараулар: 244


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)