Preview

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРҒА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-85-95

Толық мәтін:

Аннотация

Кез келген халықтың алыс замандардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары – сол халықтың ғұмыр жолының айнасы. Бағзы заманнан жеткен мұра – бүгінгі ұрпақ үшін тек тарихтың қарапайым куәгері ғана емес, сонымен бірге, қазіргі сан тарау мәдениетіміздің бой көтерген биік тұғыры да. Біздің мақсат қасиетті орындарға қатысты атауларға этномәдени талдау жасау арқылы  материалдық және рухани мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілікті арттыру, зерттеу нысанынан бұған дейін тыс қалған онимдерді ғылыми айналымға қосу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді шешу маңызды болмақ: өлкедегі адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірі мен тұрмысына қатысты атаулардың өзін бірнеше топқа бөліп қарастыру; лексика-семантикалық классификацияны негізге ала отырып, қасиетті орын атауларын семантикалық типте қарастыру. Зерттеу барысында сөздік дефинициаларға талдау, жүйелеу, тілдік деректерді этнолингвистикалық сипатта зерделеу, сипаттама жасау әдістері қолданылды. Аталмыш сипаттағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Киелі жерлерді зерттеп, насихаттаудың қажеттілігі оның маңызды тарихи-мәдени және қоғамдық-саяси мәнге ие болуында. Киелі жерлер халықтың этникалық сана-сезім бастауларының тереңдігін және рухани деңгейінің қаншалықты жоғары болғандығын көрсетеді, сондай-ақ, этникалық, тарихи, мәдени және діни жадыны қалпына келтіру мен жаңғыртудың басты механизмдерінің бірі болып саналады. Қазақстанның киелі орындар тізіміне Сыр бойынан 12 нысан енгізілген: Шірік-рабат қалашығы, Жанкент қалашығы, Бегім ана мұнарасы, Жент қалашығы, Сығанақ қалашығы, Оқшы ата кесенесі, Қорасан ата кесенесі, Төлегетай-Қылышты ата кесенесі, Жанқожа батыр мазары, Бұқарбай батыр кесенесі, Қорқыт ата ескерткіш кешені, Құдай ананың иконасына арналған қасиетті Қазан соборы (Свято-Казанский храм иконы Божией Матери). Сонымен қатар осы тізімге енбеген орындар да баршылық. Қасиетті орын атауларына сөзжасамдық, лексика-семантикалық талдау жасалды, олардың ерекшеліктері атап көрсетілді. Сыр өңіріндегі қасиетті орындар тарихи-археологиялық, әдебиеттанымдық және этнографиялық тұрғыдан зерттелсе де, оны этносқа тән ұлттық құндылықтармен байланыста этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу мақаланың жазылуына негіз болды. 

Авторлар туралы

Ә. Б. Алмауытова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Әсия Базарбайқызы Алмауытова - филология ғылымдарының кандидаты

Қызылорда қ.



Г. С. Оралова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Гүлзира Сапарқызы Оралова - филология ғылымдарының кандидаты

Қызылорда қ.



А. Т. Төлебаева
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақстан

Айдынгүл Тойбазарқызы Төлебаева - магистр

Қызылорда қ.



Әдебиет тізімі

1. Валиханов Ч.Ч. Избранное. 2 издат-во. – Алматы: Казах. Сов. Энцикл., 1985. 1 том. – 285 с.

2. Гинатуллин М.М. К исследованию мотивации лексических единиц на материале наименований птиц: автореф. ... канд. филол. наук. – Алматы, 1973. – 64 c. Елеуов Е. Сыр бойындағы қасиетті орындар // Сыр бойы. 18.10.2020.

3. Жанұзақ Т. Тарихи жер-су аттарының түп-төркіні. – Алматы: «Сөздік-словарь» ЖШС, 2010. – 356 б.

4. Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. – Алматы: Азия, 2004. – 128 б.

5. Жанұзақов Т. Қазақ ономастикасы. – Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2006. – 400 б.

6. Кайдаров А.Т., Керимбаев Е.А. Этнолингвистические аспекты казахской ономастики // Известия АН Каз ССР. Серия филологическая, 1990. – №3.

7. Керімбаев А.Е. Қазақ тіліндегі сакральды атаулардың этнолингвистикалық сипаты: 10.02.02 – қазақ тілі.

8. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. автореф. – Алматы, 2007.

9. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики.– Алматы: Евразия, 1995. – 178 с.

10. Қазақ грамматикасы. – Астана: Астана полиграфия, 2002. – 784 б.

11. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.

12. Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: Тоғанай Т., 2004. – 559 б.

13. Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 272 б.

14. Сабитова З.К. Прошлое в настоящем. Русско-тюркские культурные и языковые контакты. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 320 б.

15. Темиргазина З.К. Некоторые теоретико-прикладные аспекты межэтнической коммуникации // Проблемы межэтнической коммуникации. – Павлодар, 2003. – С. 3-10.

16. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері: филол. ғыл. докт. дисс. автореф: 10.02.02. – Алматы, 2006. – 81 б.

17. Уәли Н. Фразелогия және тілдік форма. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 128 б.

18. Boranbai B.E., Kamisheva G.A., Oralova G.S., Tulebayeva A.T. The sacral concept and its interpretation. Tiltanym, 89(1). 2023. P. 73-79.

19. Halafoff, A. and Clarke, M. (2018) Sacred Places and Sustainable Development. Religions, 9(10), 299. https://doi.org/10.3390/rel9100299

20. Helmy, M. (2021). Sacred Places: The Interaction Between Space, Time and Faith. In: Gambardella, C., Cennamo, C., Germanà, M.L., Shahidan, M.F., Bougdah, H. (eds) Advances in Utopian Studies and Sacred Architecture. Advances in Science, Technology & Innovation. Springer, Cham. https://doi.org/10.1007/978-3-030-50765-7_5

21. Mantsinen, T. T. (2020). Pilgrimage as a Reproduction of Sacred Landscape in Finnish Karelia and the Russian Border Zone. Temenos, Nordic Journal for the Study of Religion, 56(1), 7–32. https://doi.org/10.33356/temenos.89107

22. Membrado-Tena, J. C. (2021). Interpreting protohistoric societies through place names of landscape features: a case study in València, Spain. Landscape Research, 46(6), 811–827. https://doi.org/10.1080/01426397.2021.1914567


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Алмауытова Ә.Б., Оралова Г.С., Төлебаева А.Т. СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРҒА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ. TILTANYM. 2024;(3):85-95. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-85-95

For citation:


Almauytova A., Oralova G., Tulebayeva А. ETHNO-CULTURAL NATURE OF NAMES RELATED TO SACRED PLACES IN SYR REGION. Tiltanym. 2024;(3):85-95. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-85-95

Қараулар: 182


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)