Preview

1923 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕМЛЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-55-68

Толық мәтін:

Аннотация

Әр тілдің тарихы болған сияқты, оның таңбалық мәні – жазудың, емле ережесінің де тарихы бар. Ұлттық тілі бар қандай да бір елдің, халықтың, ұлттың жазу мәдениеті бірнеше дәуірді, тарихи кезеңдерді басып өтеді. Қазақ ұлттық жазуы 1912 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлының есімімен байланысты қалыптасып, қазірге дейін әр жылдар сайын толығып, жетіліп, дамып отырғаны белгілі. Сондықтан қазақ тілінің емле ережелерінің әр даму кезеңі лингвистика үшін де, қазақ жазуының болашағы үшін де өте маңызды. Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының жазу реформасының «ұлттық кезеңінің» басталуын сипаттайтын, 1923 жылы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазАКСР) Оқу комиссариаты Жанындағы Академиялық орталықтың Білім кеңесі жариялаған 13 баптан тұратын «Қазақ тілінің жаңа емле ережесінің» тарихы мен ғылыми мәні талданады. Нақтырақ айтқанда: бұл ереженің қабылдануына себеп болған ғылыми және әлеуметтік алғышарттар, оның 1912 жылғы Байтұрсынұлы емлесімен байланысы, әр бабының ғылыми негізі мен мәні, жетістіктері мен кемшіліктері, Түркістан Автономиясы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Білім комиссиясының бұл емле ережені қабылдау алғышарттары, кейбір баптарының қысқару себептері, аталған ереже туралы қазақ зиялыларының тұжырымдары сияқты өзара байланысты әлденеше өзекті мәселелер ұштастырыла талданады.

Автор туралы

Е. Маралбек
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. А.Б. (Ахмет Байтұрсынұлы). Жазу мәселесі // «Қазақ» газеті. – 1913. – №34. – №35. –№36.

2. А.Б. (Ахмет Байтұрсынұлы). Жазу тәртібі // «Айқап» журналы. – 1912. – №4-5.

3. Байтұрсынов А. «Тіл-құрал» / Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық. – Ташкент: Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссариаты, 1918. – 42 б.

4. Байтұрсынов А. Оқу құралы / Қазақтан басқа түркі, араб, парсы сөздеріне жазатын қаріптерді үйрету үшін һәм оқуға төселу үшін тәртіп етілген әліппеге жалғас 2-кітап. – Орынбор: «Керимов, Хусейінов» баспасы, 1913. – 49 б.

5. Байтұрсынов А. Оқу құралы / Ысул сутие жолымен тәртіп етілген қазақша алфбаға Баяншы. – Қазан: «Б-Я» мемлекеттік баспа, 1920. – 15 б.

6. Байтұрсынов А. Тіл-құрал / Қазақ тілінің сарфы. 2-жылдық. – Ташкент: Түркістан Республикасының үкімет баспасы, 1920. – 96 б.

7. Байтұрсынұлы А. «Тіл-құрал» (Дыбыс заңы һәм түрлері. Бірінші тілтанытқыш кітап, 4-рет басылуы). –Орынбор: Қазақстан мемлекеттік баспасөз бөлімі, 1924. – 46 б.

8. Байтұрсынұлы А. «Тіл-құрал» / Дыбыс заңы һәм түрлері. Бірінші тілтанытқыш кітап, 3-рет басылуы. –Орынбор: Қазақстан мемлекеттік баспасөз бөлімі, 1923. – 46 б.

9. Байтұрсынұлы А. «Тіл-құрал» / Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық. – Ташкент: Түркістан мемлекеттік баспасы, 1922. – 96 б.

10. Байтұрсынұлы А. «Тіл-құрал» / Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық. 1-басылуы – Орынбор: «Ғ.Ғ. Хусайынов ушркасының парауай матбуғасы», 1914. – 53 б.

11. Байтұрсынұлы А. «Тіл-құрал» / Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық. 2-басылуы. – Қазан: «Лито-Типография УМИД», 1920. – 49 б.

12. Байтұрсынұлы А. Жазу жөндеу // «Қазақ» газеті. – 1913. – №43.

13. Әміржанова Н., Әбсадық А. Байтұрсынұлы әліпбиінің фонематикалық негізі // Тілтаным. – 2023. – №3 (91). – 15-24-бб.

14. Күдеринова Қ.Б. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Елтаным, 2013. – 242 б.

15. Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі (ҚБТС). – Орынбор: Қазмембас, 1924. – 121 б.

16. Қашқари М. Түркі тілдер сөздігі. –Алматы: Хант, 1997. – T. I. – 588 б., T. II. – 585 б., T. III – 597 б.

17. Мамырбек Г. Емле мәселесіндегі Жүсіпбек Аймауытұлының ұстанымдарын мысалға алуымыз керек // «Abai.kz» ақпараттық порталы. – 2019. – 19 наурыз.

18. Маралбек Е. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы // Туған тіл. – 2019. – №3. – 7-20-бб.

19. Момынова Б. «Қазақ» газеті (1913-1918): әліпби, емле ерекшеліктері және лексика-грамматикасы. – Алматы: Қазақ тілі, 2022. – 256 б.

20. Момынова Б., Әнес Ғ., Әнес Ү. Особенности правописания и пунктуации в процессе апробации письма усулсотие (тотэ жазу) в газете «Казах» в начале XX в. (1913-1918 гг.) // Вестник СПБГУ. Востоковедение и африканистика. – 2023. – №3. – Т. 15. – 568-587-бб.

21. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсын және қазақ әлiпбиi // Шалқар. – 1993. – No40.

22. Таймінер (М.Дулатұлы). Жаңа жазу ережелері // «Қызық Қазақстан» журналы. – 1923. – №17-18. – 84-89-бб.

23. Уәли Н. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы // Ұлттық рухтың ұлы тіні / Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. – 568 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Маралбек Е. 1923 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕМЛЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ. TILTANYM. 2024;(1):55-68. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-55-68

For citation:


Maralbek E. THE SPELLING RULES OF THE KAZAKH LANGUAGE IN 1923 AND ITS CONNECTION WITH THE SPELLING OF BAITURSYNULY. Tiltanym. 2024;(1):55-68. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-55-68

Қараулар: 160


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)