Preview

КӨНЕ ҰЙҒЫР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕР

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-133-139

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада көне ұйғыр тіліндегі қос сөздер қазіргі қазақ тіліндегі қос сөздермен салыстырылып қарастырылды. Көне ұйғыр тілі басқа түркі тілдері сияқты көне түркі тілінің тармақтарының бірі. Мақаланы жазудағы мақсат елімізде енді зерттеле бастаған ескі ұйғыр тіліндегі элементтердің қазіргі қазақ тілінде қаншалықты кездесетінін, сақталғанын салыстыра қарастырып, зерттеу. Еліміздің зерттеушілерімен қатар көне ұйғыр тілін зерттеуші шетелдік ғалымдардың да еңбектері қарастырылды. Мақаланы жазу барысында VIII ғасырдың соңы мен XIV ғасырға дейінгі уақыт аралығында көне ұйғыр тіліндегі мәтіндердің ішіндегі қос сөздердің қолданысы зерттеліп, олардың қазіргі қазақ тілінде қаншалықты кездесетіндігі ашып көрсетілді. Көне ұйғыр тіліндегі мәтіндерден алынған сөйлемдер, қазіргі қазақ тілімен салыстырылып, қазіргі қазақ тілі грамматикасы тұрғысынан талданды. Соның нәтижесінде қазіргі қазақ тіліндегі қос сөздердің сол бастапқы, тарихи мағынасын жоғалтпай, фонетикалық жағынан біраз өзгерістерге ұшырағаны болмаса айтарлықтай өзгермегені анықталды. Бұл біздің қызығушылығымызды тудырып, оларды салыстырмалы түрде қарастыруды жөн көрдік. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы жоғары. Алынған нәтижелерді қазақ тілі тарихы және түркітану пәндеріне зерттеу материалы ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар зерттеу барысында қазіргі қазақ тілінің көне түркі тілдерінен өте көп мөлшерде тілдік элементтерді бойына сіңіргенін және олардың әлі де қолданыста жүргенін анықтадық.

 

Авторлар туралы

А. А. Қайрат
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Автор-корреспондент, магистр.

Алматы қ.



Ш. Д. Бүркітбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Философия докторы (PhD).

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Аханов К. (1972) Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1972.

2. Байтұрсынұлы А. (2013) Қазақ тіл білімінің мәселелері. Құраст.: Ғ. Әнес. – Алматы: Абзал-Ай, 2013. – 640 б.

3. Бектұров Ш. К. (2006) Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.

4. Бисенғали А.З. (2022) Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың салыстырмалы сипаты.– Алматы: Қазақ кітабы, 2022. – 108 бет.

5. Жұбанов Қ. (2010) Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Атамұра, 2010. – 608 б. Кеңесбаев І. (1950) Қазақ тіліндегі фразалық қос сөздер. – Алматы, 1950. – 190 б.

6. Наделяев Б.М., Насилов Д.М., Тенишев Э.Р., Щербак А.М. (1969) Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, Ленинградское отделение, 1969. – 677 б.

7. Оразбаева Ф.Ш. (2019) Ой өрнегі – сөз. – Алматы: Ан Арыс, 2019. – 516 б.

8. Ысқақов А. (1991) Қазіргі қазақ тілі. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.

9. Clauson Sir G. (1972). An etymological dictionary of pre-thirteenth-century Turkish. – Oxford, 1972. Gülcalı Z. (2015) Eski Uygurca Altun Yaruk Sudur’dan «Aç Bars» hikayesi. – Ankara: TDK, 2015.

10. Klaus Röhrborn (1977) Uigurisches Wörterbuch. (Sprachmaterial der vorislamischen türkischen Texte aus Zentralasien - Neubearbeitung – I). – Wiesbaden: Franz Steiner Verlag GMBH, 1977. – 446 s.

11. Marcel Erdal (2004) A Grammar of Old Turkic. – Leiden: Brill, 2004.

12. Ölmez M. (2017) Eski uygurca ikilemeler üzerine. – İstanbul: Türk Dili Araştırmaları Yıllığı Belleten Dergisi, 2017. – 243 s.

13. Uğur A., Tokyürek H. (2023) Altun Yaruk Sudur Metninde Sadece İkileme Yapısında Görülen Fiiller Üzerine. – İstanbul: Dil Araştırmaları, 2023. – 34 s.

14. Wilkens Jens (2021) Handwörterbuch des Altuigurischen. – Göttingen: Universitätsverlag Göttingen, 2021.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қайрат А.А., Бүркітбаева Ш.Д. КӨНЕ ҰЙҒЫР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕР. TILTANYM. 2024;(2):133-139. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-133-139

For citation:


Kairat A., Burkitbayeva Sh. PAIRED WORDS IN ANCIENT UYGHUR AND MODERN KAZAKH LANGUAGES. Tiltanym. 2024;(2):133-139. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-133-139

Қараулар: 44


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)