Preview

В.В. РАДЛОВ СӨЗДІГІНЕ АЛЫНҒАН ҚАЗАҚ СӨЗДЕРІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-13-26

Толық мәтін:

Аннотация

Мақала В.В. Радлов сөздігіне алынған қазақ сөздерінің лексикалық құрамын зерттеуге арналады. Осы мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолы ретінде тақырыптық топтарға бөліп зерттеу тәсілі алынды. Бұл тәсілдің басты ерекшелігі, ол нысан ретінде алынып отырған жалпытүркілік сөздіктегі лексиканың ашық, айқын, толыққанды зерттелуіне жол ашады. Осы мақалада орын алып отырған қазақ сөздерінің құрамына нақты тақырыптық топтар негізінде ғылыми (лексикалық) сипаттама жасау мәселесінің осы тақырып бойынша болашақта жүргізілетін ғылыми зерттеулер үшін маңызды екендігі даусыз. Бұл зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығын айқындайды. Мақалада іріктеу, жүйелеу, тақырыптық топтарға бөлу, құрылымдық, сипаттау, семантикалық топтау, синхрондық және диахрондық талдау, салғастыру әдістері қолданылады. Тақырыптық топтарға бөліп талдау барысында сөздік авторының қазақ тілі лексикасын қаншалықты толыққанды қамти алғандығы, сөздіктің осы тұрғыдан ғылыми маңыздылық дәрежесі айқындалады. Жүргізіліп отырған зерттеудің қазақ тілі лексикасын тарихи-лексикографиялық және лексикологиялық тұрғылардан зерделеудегі құндылығы айқын. Жұмыс нәтижесінде Радлов сөздігіндегі қазақ сөздерін тақырыптық топтарға бөліп зерттеу тәсілінің өткен тарихи дәуірдегі қазақ тілі лексикасының сандық және сапалық құрамы мен құрылымын ашу жолындағы құндылығы айқындалады.

Авторлар туралы

М. Малбақұлы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Алматы қ.



М. Бердиллаева
Қазақ спорт және туризм академиясы
Қазақстан

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Гамкрелидзе Т.В., Иванов В.В. (1984) Индоевропейский язык и индоевропейцы. В двух томах. – Тбилиси, 1984.

2. Диуанова Р. (2010) Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың мағыналық құрылымы мен лексикографиялану ерекшеліктері: филол. ғыл. канд. … дисс. – Алматы, 2010. – 126 б.

3. Ильминский Н.И. (1861) Материалы к изучению киргизского наречия // Ученые записки Казанского ун-та. Кн. 3‚4. – Казань‚ 1861.

4. Киргизско-русский словарь (1897). Сост. по материалам Н.И. Ильминского и др. – Оренбург: Б.А. Бреслина, 1897. – 244 с.

5. Қайдар Ә. (2009) Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік). Адам. – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – Т.1. – 784 б.

6. Қайдар Ә. (2013а) Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік. Қоғам. – Алматы: Сардар, 2013. –Т.2. – 728 б.

7. Қайдар Ә. (2013б) Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік. Табиғат. – Алматы: Сардар, 2013. – Т.3. – 608 б.

8. Қырғыздар (1993) Санжыра, тарых, мурас, салт. 1-2 том. – Бишкек: Қырғызстан, 1993.

9. Малбақов М. (2015) Сөздік және сөзтаным мәселелері. – Алматы, 2015. – 316 б.

10. Мусаев С.Ж., Садыкова С.З. (2018) Лексика кыргызского языка в словаре В.В. Радлова «Опыт словаря тюркских наречий» // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – Тамбов: Грамота, 2018. – №1. – Ч. 2. – C. 345-348.

11. Сарыбаев Ш.Ш., Нақысбеков О. (1989) Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. – Алматы, 1989.

12. Садыкова С.З., Мусаев С.Ж. (2017) Труд В.В. Радлова «Фонетика северных тюркских языков» и некоторые актуальные проблемы кыргызского языкознания // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – Тамбов: Грамота, 2017. – №10 (76). – Ч. 2. – C. 151-155.

13. Мамырбек Г. (2023) В.Радлов сөздігіндегі лексикографиялық параметрлер // «Қазақстандағы ұлттық жарнама тілін қалыптастыру және цифрландыру» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2023. – 197-201-бб.

14. Құлманов С., Бүркітбай Г. (2024) В.В.Радлов сөздігінің лексикалық құрамы: араб, парсы кірме сөздері және олардың қазіргі кездегі терминдену үдерісі // Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Хабаршысы. «Филология ғылымдары» сериясы. – 2024. – №1(72). – 174-191-бб.

15. Серошевский В.Л. (1896) Якуты. Том 1. – СПб., 1896.

16. Славянские древности (1995-2012.) Этнолингвистический словарь в пяти томах. – М., 1995-2012.

17. Хинаят Б., Сужикова А. (2007) Қазақ халқының ұлттық киімдері: Мата түрлері. – Алматы: Алматыкітап, 2007.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Малбақұлы М., Бердиллаева М. В.В. РАДЛОВ СӨЗДІГІНЕ АЛЫНҒАН ҚАЗАҚ СӨЗДЕРІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ. TILTANYM. 2024;(1):13-26. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-13-26

For citation:


Malbakuly M., Berdillaeva M. ON THE LEXICAL COMPOSITION OF KAZAKH WORDS FROM THE DICTIONARY OF V.V. RADLOV. Tiltanym. 2024;(1):13-26. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-13-26

Қараулар: 200


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)