Preview

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АТАУЛЫҚ ТІРКЕСТЕР: БАСПАСӨЗДЕГІ ЖАҢА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫМДЫ АТАУЛАР

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-18-29

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада номинация теориясы бойынша екінші номинациялық бірліктер тілдік жүйеге еніп, лексикографиялық практиканың фактілеріне айналатыны атаулық тіркестер негізінде дәлелденеді. Атауланудың аспектілері аталады, тіркестердің атаулануы түрік изафетімен байланыстырылады. Тілдік және сөйлеу тіліндегі номинациялардың айырмашылықтары айтылады. Атаулану үдерісіне жазудың әсері бары мысалдармен дәлелденеді. Мысалдар атаулық тіркестердің қазіргі қолданысын көрсету мақсатымен 2023 жылғы мерзімді басылымдардан іріктелді, өйткені жаңа сөздер алдымен ғылыми әдебиетте, публицистикалық стильдерде көрінеді, біртіндеп сала терминдерінің қатарын толықтырады. Олардың өзге тіркес түрлерінен айырмашылығы аталып, нәтижесі анық болуы үшін сызбаға түсірілді. Мақала талдауға сұранып тұрған әрі қажеттілік бар өзекті мәселе – атаулануға арналған. Өйткені номинативтену ертеден кез келген тілдің сөздік қорын байытудың адамзатпен бірге жасасып келе жатқан тәсілдерінің біріне жатқызылып келеді, ал қазіргі таңда тиімді тәсіл түрі саналады. Мақаланың мақсаты – атаулық тіркестердің лексикаланып, сөздіктерде тіркелгенге дейінгі дамуын ғылыми тұжырымдар негізінде талдау; сөздіктерде тіркеудің қажеттілігін, практикалық маңызын, сөздік қорды көбейтетінін дәлелдеу; тіркестердің лексикалану үдерісінің үздіксіздігін, атаулану барысына емленің әсері болатынын көрсету; екі компоненттен тұратын атаулық тіркестерден бөлек құрамы екі компоненттен асатын кешенді атаулық тіркестерді нәтиже ретінде көрсету.

Автор туралы

Б. Қ. Момынова
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. (1997) Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. – Алматы: Санат, 1997. – 319 б.

2. Әуелбекова Ж. (2005) Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің лексикалану семантикасы: филол. ғылым. канд.... автореф. – Алматы, 2005. – 23 б.

3. Балақаев М. (1957) Основные типы словосочетаний в казахском языке. – Алма-Ата, 1957. – 264 с.

4. Гак В.Г. (2005) Теоретическая грамматика французского языка. Учебник. Серия: Studia Academica – изд. Добросвет, 2005. – 832 с.

5. Дмитриев Н.К. (1948) Грамматика башкирского языка. – М.-Л., 1948. – 316 с.

6. Ильясова Н.Ә. (2003) Қазіргі қазақ тіліндегі атаулық тіркестер: қалыптасуы мен даму үрдісі: филол. ғылым. канд автореф. − Алматы, 2003. − 25 б.

7. Исаев С. (1973) Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. – Алматы, 1973. – 195 б.

8. Исаев С. (1998) Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998. – 304 б.

9. Күдеринова Қ. (2001) Қосымша // Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001. – 230 б.

10. Қазақ тілінің жиілік сөздігі (2016) / А.Қ. Жұбанов, А.Ә. Жаңабекова т.б. – Алматы: Қазақ тілі, 2016. – 792 б.

11. Майзель С.С. (1957) Изафет в турецком языке. – М., 1957. – 175 б.

12. Мәмбетова М. (2011) Ресми-іскери тілдегі клише тұлғалар. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 127 б.

13. Момынова Б. (2023) «Қазақ» (1913-1918) газеті: әліпби, емле ерекшеліктері және лексика-грамматикасы. – Алматы: Қазақ тілі, 2023. – 246 б.

14. Момынова Б. (2020) Аналитизм және клише тұлғалардың тіркесімдер сөздігінде тіркелуі турасында [электронды ресурс]. URL: https://qazaqadebieti.kz/25237/analitizm-zh-ne-klishe-t-l-alardy-tirkesimder-s-zdiginde-tirkelui-turasynda.

15. Момынова Б. (2005) Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық сөзжасам. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 140 б.

16. Орысша-қазақша әскери сөздік (1942) / Құраст. Ғ. Мұсаев, Ю. Цунвазо, К. Адайханов. – Алматы: Қазбірбас., 1942. – 204 б.

17. Сағанаева Ғ. (2009) Әскери саптық бұйрықтар тілі. – Алматы: Арыс, 2009. – 184 б.

18. Сауранбаев Н. (1953) Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. – Алматы, 1953. – 112 б.

19. Сәрсембаева М. (2004) Матаса байланысқан сөз тіркесінің лексикалануы негізінде жасалған туынды сөздер семантикасы: филол. ғылым. канд автореф.: 10.02.02. – Алматы, 2004. – 24 б.

20. Тулекова Г.Х. (2019) Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымдары жайында // А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. – 2019. – №1.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Момынова Б.Қ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АТАУЛЫҚ ТІРКЕСТЕР: БАСПАСӨЗДЕГІ ЖАҢА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫМДЫ АТАУЛАР. TILTANYM. 2024;(2):18-29. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-18-29

For citation:


Momynova B. NOMINATIVE PHRASES IN THE KAZAKH LANGUAGE: NEW AND COMPLEX NOMINATIVES IN PERIODICALS. Tiltanym. 2024;(2):18-29. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-18-29

Қараулар: 31


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)