Preview

ҚАЗАҚ ДИАЛОГЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (прозалық шығармалар негізінде)

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-109-122

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада гендерлік категорияға тән ерлер мен әйелдер арасындағы диалогтық қатысымның ерекшеліктері сөз болады.  Мақалада көркем мәтіннен жиналған диалогтық дискурс негізінде ерлер мен әйелдердің қозғайтын тақырыптары анықталды. Ер мен әйелдердің эмоционалды дискурсына қатысты ерекшеліктері диалогтар арқылы талданып,  себептері нақтыланды.  Ер мен әйелдердің сөз қолданысындағы инвективті лексиканың ерекшеліктері көркем мәтіннен жинақталған диалогтар негізінде айғақталды.

Мақаланың мақсаты – көркем мәтіннен алынған тілдік фактілерге жүгіне отырып, ерлер мен әйелдердің эмоционалды дискурсындағы ерекшеліктерді, олардың тіліндегі инвективті лексиканың қолдану аясын, талқылайтын тақырыптарын, ер кейіпкерлер мен әйел кейіпкерлердің пікірлесуі нәтижесінде қазақ диалогының түрін анықтау.

Мақаланың ғылыми-практикалық маңызы – мақалада талқыланатын мәселелер мен алынатын нәтижелерді  қазақ тілтанымындағы лексикология, мәтінтану, дискурс салаларына қосымша ғылыми материал ретінде қолдануға болады.

Көркем мәтін тіліндегі гендерлік фактор әйел автор мен ер автордың стильдік, психологиялық, тақырыптық ерекшеліктерін және автордың сөйлеу мәнері мен кейіпкерлердің сөз қолданысын анықтау үшін де құнды. Бұл гендерлік зерттеулердің әлеуметтік мәдени ортада маңызды орын алатындығын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда ұлттық дискурсымызда айрықша орын алатын ер мен әйел адамдардың диалогтық қарым-қатынасы негізінде қазақ диалогына тән ерекшеліктерді айқындау – мақаланың құндылығын айғақтайды.

Авторлар туралы

T. Ramazanov
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Алматы қ.



И. А. Айдемир
Хаджеттепе университеті
Түркия

Анкара қ.



Әдебиет тізімі

1. Айтбенбетова А. (2007) Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лекcикалық синтаксистік, стилистикалық қызметі: филол.ғылым.канд. … дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 130 б.

2. Аханов К. (1978) Тіл білімі негіздері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 496 б.

3. Жұбанов Қ. (1999) Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999. – 581 б.

4. Ильин Е. (2015) Дифференциальная психофизиология мужчины. – М.: Питер, 2015. – 544 с.

5. Иманғалиева Г. (1999) Типология диалога (на материале казахского и русского языка): дис. ... канд. филол. наук. – Алматы, 1999. – 215 с.

6. Каримова Б., Қуантайұлы Н., Төлепберген Б. (2023) Көркем мәтіннің гендерлік ерекшеліктері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2023. – №4 (130). – бб. 89-100. https://doi.org/10.47526/2023-4/26640686.08

7. Кәрімов Х. Қанатты тіл. – Алматы: Санат, 1995. – 141 б.

8. Крючкова Т. (2016) О применении понятия гендер в русскоязычном лингвистическом описании // Филологические науки, 2016. – №3, с. 142.

9. Мамаева Г. (2003) Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер. филол. ғылым. канд. ... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2003. – 153 б.

10. Тұрдалиева Р. (2009) Көркем мәтіндегі гендерлік сипат: психолингвистикалық талдау: филол. ғылым. канд. ... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2009. – 125 б.

11. Хасанұлы Б. (2003) Махамбеттің тілдік тұлғасы: әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық сыр-сипаты. Халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2003. – бб. 230-235.

12. Шалабай Б. (1994) Көркем проза тілі. – Алматы, 1994. – 128 б.

13. Шоқым Г. (2021) Қазақ тіл білімінің гендерлік тұғыры. – Алматы: Сервис и К, 2021. – 312 б.

14. Ысқақов А. (1991) Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ramazanov T., Айдемир И.А. ҚАЗАҚ ДИАЛОГЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (прозалық шығармалар негізінде). TILTANYM. 2024;(1):109-122. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-109-122

For citation:


Ramazanov T., Aydemir I.A. GENDER FEATURES OF THE KAZAKH DIALOGUE (based on prose works). Tiltanym. 2024;(1):109-122. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-109-122

Қараулар: 195


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)