Preview

АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКАДА САҚТАЛҒАН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТА БЕРІЛУІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-193-200

Толық мәтін:

Аннотация

Мақала аймақтық лексикада сақталған этномәдени бірліктерді ұлттық корпуста лексикографиялау мәселесіне арналған. Қазақ халқының тұрмыс кешкен ортасына, территориясына, қоршаған табиғатына сай қалыптасып, тілде сақталған бірегей тарихи дамуы мен күнделікті өмір сүру ерекшеліктері, өмір сүру салты мен дәстүріне қатысты мәденитанымдық этномәдени құндылықтарды зерттеу заманауи антропоөзектік парадигма аясында өзектелуде. Зерттеуіміз тілде сақталған этномәдени бірліктердің цифрлануымен ерекшеленеді.

Қазақ мемлекетінің бүгінгі таңдағы даму барысын белгілейтін қоғамдық-әлеуметтік жаңару бағдарына сай тіл арқылы ұлт құндылықтарын игеру аса маңызды. Зерттеу жұмысымыздың маңыздылығы – этномәдени бірліктердің мәнін архетиптік санада жаңғыртып, бүгінгі тіл иесінің қолданысындағы сөз әлеуетін таныту. Ғылыми зерттеудің мақсаты – тілші-ғалымдардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, тіл арқылы мемлекетшілдік сана деңгейін көтеру. Жұмысымыздың өзектілігі – ұлттың дүниетанымымен, ұлттық болмысымен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан, ғасырлар бойы жасаған ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, ұлттық корпус арқылы болашақ жастарға аманаттау. Корпус мәселесі қазақ ғылымында бұрын қозғалмаған. Қазіргі кезде дамып, салаланып, көптеген ішкорпустармен толыққан.

Зерттеу жұмысының нәтижелері мен талдаулары қолымызда жинақталған этномәдени атаулар қолданыста жоқ немесе аймақтық қолданыста сақталған, немесе шеттілдік балама атаулар арқылы қолданатын жастарға саба, күбі, көзе сияқты этнолексикалық бірліктердің көмескіленген мағынасын түсіндіріп, адалбақан мен кебеженің, тай мен құнанның айырмашылығын ажырата білуіне корпус арқылы көрсету болып табылады. Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, диалектологиялық, әлеуметтанымдық т.б. зерттеулерде түсіндіріліп, жинақталған «қазақ әлемін» танытатын этномәдени бірліктердің жүйесін ұлттық корпуста берудің ғылыми-әдіснамалық үлгісін көрсету – жұмысымыздың арқалаған міндеті. Жұмысымыздың құндылығы тіл арқылы ұлт мәдениетін (болмысын) заманауи лингвистиканың ақпараттық көзі ретінде ізденушілердің жұмысын оңтайландыруында болып отыр.

Автор туралы

А. С. Барменкулова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Докторант.

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Бектемирова С.Б. (2011) Лексикалық бірліктердің этномәдени табиғаты (түркі тілдеріндегі кинологиялық атаулар негізінде) // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы. – 2011. – №1 (54).

2. Бисенбаева М.К. (2019) Этномәдени лексиканың танымдық-қатысымдық қызметі (аймақтық лексика материалдары негізінде): философия докторы (PhD) ... дисс. – Алматы, 2019. – 169 б.

3. Жұбанов А.Қ. (2014) Принципы автоматизации морфологической разметки текстов Национального корпуса казахского языка // Материалы международной научно-практической конференции «Контрастивные исследования и прикладная лингвистика». – Минск, 2014.

4. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы: Арыс, 2005. – 824 б.

5. Малбақов М. (2002) Бір тілді түсіндірмелі сөздіктің құрылымдық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 368 б.

6. Монғолша-қазақша сөздік. – Ұланбатыр: Моңғол мемлекет баспасы, 1954. – 396 б.

7. Рассадин В.И. (1980) Монголо-бурятские заимствования в сибирских тюркских языках. – Москва: Наука, 1980. – 115 с.

8. Русско-калмыцкий словарь. – Москва: Изд-во Советская энциклопедия, 1964.

9. Уақатов Б. (1983) Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. – Алматы: Ғылым, 1983. – 160 б.

10. Хакасско-русский словарь. – Москва, Гос. изд-во иностранных и национальных словарей, 1953.

11. Юдахин К.К. (1985) Киргизско-русский словарь. – Фрунзе, Главная редакция Киргизской Советской Энциклопедии, 1985.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Барменкулова А.С. АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКАДА САҚТАЛҒАН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТА БЕРІЛУІ. TILTANYM. 2024;(2):193-200. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-193-200

For citation:


Barmenqulova A. TRANSFER OF ETHNOCULTURAL UNITS STORED IN THE REGIONAL LEXICON TO THE NATIONAL CORPUS. Tiltanym. 2024;(2):193-200. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-193-200

Қараулар: 123


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)