Preview

АУЫЗША ПОЭТИКАЛЫҚ ІШКОРПУС: ПОЭТИКАЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ПРОСОДИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-150-161

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада ауызша ішкорпус базасына енген поэтикалық дискурстың просодикалық ерекшелігін көрсету туралы сөз болады. Қазіргі таңда корпус базасына қазіргі қазақ ақындарының өлеңдері мен поэмалары жинақталып, оның просодикалық ерекшелігі көрсетіліп отыр. Сонымен қатар әрбір ақынның өлеңі мен поэмасына метабелгіленім жасалды. Бұл поэтикалық ішкорпустың ерекшелігі – жұртшылыққа қазақ ақындарының шығармаларын таныту және оның просодикалық ерекшелігін көрсету. Ол үшін әрбір ішкорпус базасына енген өлеңдер бунаққа бөлініп, оның просодикалық жағынан әуенінің ерекшелігі көрсетілді. Сондай-ақ орфоэпиясы да беріліп отыр.

Бұл поэтикалық ішкорпус базасы поэтикалық мәтіндер туралы ақпарат алуға және поэтикалық мәтіндердің интонациялық ерекшелігін зерттейтін магистранттар, докторанттарға жалпы ғылыми жұмыс жасайтын ізденушілерге арналған көмекші құрал. Қазіргі таңда орыс, чех (http://www.versologie.cz/en/kcv.html), башқұрт (http://web-corpora.net/bashcorpus/search/) поэтикалық ішкорпустары істеп тұр. Поэтикалық ішкорпус базасын бір жағынан электронды кітапхана деп айтуымызға да болады. Өйткені қай ақынның болмасын барлық өлеңдерін сол базадан алып, пайдалануға болады. Бұл поэтикалық ішкорпус базасы толыққан сайын әр ақынның өлеңдері көпшілікке қолжетімді болады. Яғни корпус базасы шексіз, ол жылдар өткен сайын толыға түседі.

Авторлар туралы

А. Ж. Аманбаева
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Автор-корреспондент, филология ғылымдарының кандидаты.

Алматы қ.



Н. С. Уртегешев
Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің Филология институты
Ресей

Филологияғылымдарының докторы.

Новосибирск қ.



Әдебиет тізімі

1. Аманжолов Қ. (1985) Өлеңдер: поэзия. – Алматы: Мектеп, 1985. – 159 б.

2. Артемов В.А. (1956) Экспериментальная фонетика. Издательство литературы на иностранных языках. – Москва, 1956. – 227 с.

3. Ахметов З. (1973) Өлең сөздің теориясы – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б.

4. Базарбаева З. (2008) Қазақ тілі: Интонология, фонология. – Алматы, 2008. – 326 б.

5. Байтұрсынұлы А. (1989) Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 318 б.

6. Богородицкий В.А. (2011) Гласные без ударения в общерусском языке. – Москва, 2011. – 156 с.

7. Бодуэн дe Куртенэ И.А. (1963) Избранные труды по общему языкознанию. – Том 2. Издательство академии наук СССР. – Москва, 1963. – 391 с.

8. Жұмалиев Қ., Қабдолов З., Ахметов З (2013) Әдебиет теориясы (1960-1970 жж). – Алматы, 2013. – 412 б.

9. Казарин Ю.В. (2004) Филологический анализ поэтического текста. – Москва, 2004. – 432 с.

10. Локиев А. (2011) Психолингвистика поэтики. – Санкт-Петербург, 2011. – 53 б.

11. Орехов Б. В. (2019) Башкирский стих XX века // Корпусное исследование. – СПб: Алетей, 2019. - 344 с.

12. Смағұлова Г.Н. (2007) Көркем мәтін лингвистикасы – Алматы, 2007. – 152 б.

13. Шаханов М. (2012) Ғашықтық ғаламаты (өлеңдер, балладалар, поэмалар). – Алматы: Өнер, 2012. – 474 б.

14. Шаханов М. (2012) Дастандар және осызамандық эссе-поэмалар // 2-том. – Алматы, 2012 ж. – 574 б.

15. Щерба Л.В. (1958) Избранные работы по языкознанию и фонетике. – Т. I. – Ленинград, 1963. – 384 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Аманбаева А.Ж., Уртегешев Н.С. АУЫЗША ПОЭТИКАЛЫҚ ІШКОРПУС: ПОЭТИКАЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ПРОСОДИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ. TILTANYM. 2024;(2):150-161. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-150-161

For citation:


Amanbayeva A., Urtegeshev N. ORAL POETIC SUBCORPUS: PROSODIC FEATURES OF POETIC DISCOURSE. Tiltanym. 2024;(2):150-161. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-150-161

Қараулар: 30


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)