Preview

ХАЛЫҚТЫҚ ТАРИХИ МИКРОТОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-5-17

Толық мәтін:

Аннотация

Зерттеудің басты идеясы – Ресей патшалығының қазақ жерін отарлаудың соңғы кезеңіндегі қазақ ауылдарының топонимдік портретін, географиялық образын айқындау арқылы ол жерлердің бағзы заманнан қазақ ру, тайпалары иелік еткен, көшіп-қонған төл атажұрты екендігін тарихи-дерекнамалық, топонимдік деректер арқылы дәйектеу.

Мақалада ХІХ-шы ғ. соңы – ХХ-шы ғ. бас кезеңіндегі Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс тарихи аймағының топонимдік бейнесін, тілдік контентін анықтау, микротопонимдердің мазмұнындағы этномәдени семантикасын айқындау мақсаты қойылды. Зерттеу өзектілігі аталмыш аймақтың ерте кезден қазақ ру, тайпаларына тиесілі атажұрты болғандығын топонимдік деректер арқылы дәйектеу қажеттілігімен байланысты болды.

Мақала тақырыбының жаңалығы мен ғылыми құндылығы – зерттеу аймағының микротопонимдері семантикасындағы аталымдық уәж, ашық тілдік код пен жабық кодқа салынған мәдени ақпараттар, атаулар семантикасындағы халықтық білімдердің сипатталуымен айқындалады. Ағаш индикаторының қатысуымен жасалған микротопонимдердің семантикасын талдау арқылы оның этномәдени әлеуеті ашылады.

Зерттеу барысында тілдік материалды жүйелеу, сипаттау, тарихи-деректік интерпретация жасау сынды дәстүрлі әдістер қолданылды. Сондай-ақ топонимдердің лингвомәдени мазмұнындағы рационалды, иррационалды (мифтанымдық, эзотерикалық) білімдер түрі көрсетілді.

Тарихи-тілдік деректерді талдау үшін герменевтикалық әдіс тиімді болады. Зерттеудің болашақ перспективалары негізделді, ең бастысы, тарих дереккөздерден Қазақстанның барлық тарихи аймақтарындағы ономастикалық атаулар (топонимдер, антропонимдер, патронимдер, генонимдер) жинақталып, түгенделуі тиіс екендігі дәйектелді. Болашақта pdf (фото) форматтағы тарихи дереккөздерден, ескі карталардан жер-су атауларының word, excel форматындағы дерекқорын жасау, цифрлау, «Қазақ тілінің ұлттық корпусының» Ономастикалық ішкорпусының базасына енгізу қажеттілігі жөнінде тұжырым жасалды.

Автор туралы

Қ. Қ. Рысберген
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Филология ғылымдарының докторы.

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. «Айқап» газеті (1995) // Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С. Дәуітов. – Алматы, 1995.

2. Алимбай Н., Кабульдинов З.Е., Смагулов Б.К. (2023) Вопросы крестьянской колонизации Степного края в Государственной думе Российской империи (1906–1917 гг.) // Turkic Studies Journal. – 2023. – №3. – С. 7-40.

3. Ахметжанова Г., Мәлікова С., Оспанов К., Тайшыбай З. (2015) Атамекен атаулары (Солтүстік Қазақстан облысының топонимикалық атаулары. Ғылыми басылым). – Петропавл, 2015. – 343 б.

4. Бекзатқызы И. (2021) Ақмола облысының тарихи топонимдері. Исторические топонимы Акмолинской области. – Нұр-Сұлтан, 2021. – 96 б.

5. Бөкейхан Ә. (1995) Таңдамалы (Избранное). /Гл. ред. Р. Нургалиев. Сост.: С. Аққұлұлы./ – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 478 б.

6. Диваев Ә. (1992) Тарту. – Алматы, 1992. – 256 б.

7. Ерофеева И.В. (2014) Историческая топонимика Казахстана как составная часть культурного наследия номадов // Проблемы изучения нематериального культурного наследия народов Казахстана и Центральной Азии: топонимика, эпиграфика, искусство. Сб. мат-лов межд. науч. конф. – Алматы: Изд. EVO PRESS, 2014. – 292 с.

8. Красовский Н.И. (1868) Область сибирских казахов / Материалы для географии и статистики России. – Т. 16, Ч. 1. – СПб., 1868. – 428 с.

9. Кшибеков Д. (1984) Кочевое общество: генезис, развитие, упадок. – Алма-Ата, 1984.

10. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі (2017). – Алматы: Әлем. Даму. Интеграция, 2017. – Т. 1-5.

11. Қайдар Ә.Т. (2013) Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік). Табиғат. – Алматы: Сардар, 2013. – І том. – 612 б.

12. Щербина Ф.A. Материалы по киргизскому землепользованию: В 12-томах. Собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей под руководством Ф. Щербины. – ТТ. ІІ, ІІІ, IV, VI, XI. – 1902-1906 гг.

13. Масанов Н.Э. (1995) Кочевая цивилизация казахов. – М., 1995.

14. Муканов М.С. (1991) Этническая территория казахов в XVIII – начале XX веков. – Алма-Ата, 1991.

15. Мырзахметов М. (1993) Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: Атамұра, 1993. – 128 б.

16. Рысберген Қ. (2011) Ұлттық ономастиканың лингвокогнитивтік негіздері. – Алматы: Дайк-Пресс, 2011.

17. Толыбеков С.Е. (1971) Кочевое общество казахов в ХVI – начале XX века. – Алма-Ата, 1971.

18. Уәли Н. (2015) Ұлттық мәдениеттің мәдени кодтарын ашу мәселелері // Тілтаным. – 2015. – №3. – 44-57-бб.

19. Grounds R. A. (2001) Tallahassee, Osceola, and the hermeneutics of American place-names. Journal of the American Academy of Religion, 69(2), 287–322. https://doi.org/10.1093/jaarel/69.2.287

20. Murphyao A., & Black K. (2015) Unsettling settler belonging: (Re)naming and territory making in the Pacific Northwest. American Review of Canadian Studies, 45(3), 315–331. https://doi.org/10.1080/02722011.2015.1063523.

21. Nash C. (1999). Irish placenames: Post-colonial locations. Transactions of the Institute of British Geographers, 24(4), Р. 457-480. https://doi.org/10.1111/j.0020-2754.1999.00457.

22. Nursan A. Alimbay, Anar M. Fazylzhanova, Bolat Q. Smagulov, Kyzdarhan K. Rysbergen (2023) Strengthening the Peasant Colonization of the Kazakh Krai in the Period of the Stolypin Agrarian Reform (1906–1917) // Bylye Gody. – 2023. – 18(4).

23. Nursan A. Alimbay, Bolat K. Smagulov (2020) Fundamental Changes in the Traditional System of the Kazakhs- Nomads in the Context of the Colonial Policy of the Russian Empire (late 19th – early 20th centuries): Factors and Consequences // Bylye Gody. – 2020. – Vol. 58. – Iss. 4.

24. Williamson B. (2023). Historical geographies of place naming: Colonial practices and beyond. Geography Compass, 17(5), e12687: https://doi.org/10.1111/gec3.12687


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Рысберген Қ.Қ. ХАЛЫҚТЫҚ ТАРИХИ МИКРОТОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ. TILTANYM. 2024;(2):5-17. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-5-17

For citation:


Rysbergen K. LINGUOCULTURAL SEMANTICS OF FOLK HISTORICAL MICROTOPONYMS. Tiltanym. 2024;(2):5-17. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-5-17

Қараулар: 37


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)