Preview

ЕСКІ КІТАБИ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ӘДЕБИ ТІЛІНДЕГІ СЕМАНТИКАСЫ (жазушы Қажықұмар Шабданұлының «Пана» романы бойынша)

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-89-99

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі ескі кітаби сөздер туралы ғалымдардың ғылыми тұжырымдары талданады, ескі кітаби сөздердің қазіргі көркем әдеби стильде қолдану ерекшелігі мен қазіргі заман жазушылары тіліндегі қолданысымен салыстырылады. Зерттеу материалы ретінде Қытай мемлекетіндегі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі – жазушы Қажықұмар Шабданұлының «Пана» романы алынды. Аталмыш шығарманы лингвистикалық тұрғыда зерттеу барысында Қ. Шабданұлының шығармасы мен халық ауыз әдебиетіндегі қисса- дастандар, магиялық фольклорлар, жыраулар поэзиясы, сондай-ақ халық ән-өлеңдері мәтіндерімен салыстырылып, ескі кітаби сөздердің функционалды қолдану ерекшеліктері және себебі анықталды.

Талдау барысында халық ауыз әдебиеті мен жазушы шығармасындағы ескі кітаби сөздерді салыстырмалы-тарихи әдіспен, ішінара сөздердің түбірі мен мағынасын ажыратқанда морфемдік және семантикалық талдауға жүгінілді. Ғалымдардың ескі кітаби сөздерге байланысты ғылыми тұжырымдары жүйелеу, топтау, талдау, сипаттау тәсілдері арқылы көрсетілді.

Нәтижесінде Қ. Шабданұлының «Пана» романы мақалаға өзек болып отырған ескі кітаби сөздерге өте бай екендігі және автор оларды сол замандағы тарихи шындықты бейнелеудің құралы ретінде пайдаланғандығы анықталды.

Авторлар туралы

А. Мурсал
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Ресей

Автор-корреспондент, докторант.

Алматы қ.



Б. М. Айтбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Алматы қ.



А. Б. Ермекова
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Қазақстан

Магистр.

Орал қ.



Әдебиет тізімі

1. Аймауытов Ж. (2013) Алты томдық шығармалар жинағы. Повесть пен әңгімелер, аудармалар. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – Т. 3. – 384 б.

2. Әбілқасымов Б. (1982) ХІХ ғ. екінші жартысындaғы қазақ әдеби тілі. – Алмaты: Ғылым, 1982. – 224 б.

3. Әбілқасымов Б., А.Сейтбекова А. (2011) Қазақ тілі тарихына қатысты түркологиялық ізденістер. Ғылыми танымдық зерттеу. – Алматы: Арыс, 2011. – 212 б.

4. Әуезов М. (1989) «Абай жолы» роман-эпопея. – Алматы: Жазушы, 1989. – 3 т. – 418 б.

5. Бабалар сөзі: Жүз томдық (2005) – Астана: Фолиант, 2005. – Т. 46: Ғашықтық дастандар. – 434 б.

6. Белоусова А.С. (1990) Устаревшие слова // Лингвистический энциклопедический словарь. – Москва: Наука, 1990.

7. Болатов Н. (2017) Иесін аза тұтқан ат. 26 апр 2017. https://vk.com/wall-75554122_437137

8. Жұмақаева Б.Д. (2019) Көркем шығармадағы көнерген сөздердің көркемдік қызметі // С. Демирел университетінің хабаршысы. – №3. – 2019.

9. Игілік Р. (2013) Кәнігі кәззап. 6 сәуір 2013. https://egemen.kz/article/20354-kanigi-kazzap Қашқари М. (2017) Түрік сөздігі. – Алматы: Арда+7, 2017. – T. 3: – 600 б.

10. ҚТҰК (Қазақ тілінің ұлттық корпусы). https://qazcorpus.kz/

11. Мамырбекова Г. М. (2010) Ескі қазақ жазба тілі туралы түсінік // Tүркология. – 2010. – №. 3-4. – Б. 16-22.

12. Мамырбекова Г. М. (2022) Ескі кітаби сөздердің варианттылығы және оларды орфографиялық сөздікке енгізу мәселелері // Tiltanym. – 2022. – №. 4. – Б. 79-85.

13. Манкеева Ж.А. (1997) Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 272 б.

14. Мәшһур-Жүсіп шығармалары (2003) – Павлодар: ЭКО, 2003. – T. 1. – 247 б.

15. Мүсірепов Ғ. (2003) Ұлпан. – Алмaты: Атамұра, 2003. – 256 б.

16. Сыздық Р. (2004) Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Арыс, 2004. – 288 б.

17. Сыздық Р. (2009) Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – Алматы: Арыс, 2009. – 272 б.

18. Хамитова Е. (2016) Қазақ тіліндегі этномәдени тарих пен тілдік процестердің «ақпарат көзі» көнерген сөздер хақында. – Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi 4.8 (2016). – 206-218-бб.

19. Шабданұлы Қ. (2004) Пана. – Алматы: Көркем, 2004. – 536 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мурсал А., Айтбаева Б.М., Ермекова А.Б. ЕСКІ КІТАБИ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ӘДЕБИ ТІЛІНДЕГІ СЕМАНТИКАСЫ (жазушы Қажықұмар Шабданұлының «Пана» романы бойынша). TILTANYM. 2024;(2):89-99. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-89-99

For citation:


Mursal A., Aitbayeva B., Yermekova A. THE SEMANTICS OF OLD-BOOK WORDS IN THE MODERN LITERARY LANGUAGE (based on the novel by writer Qazhyqumar Shabdanuly “Pana”). Tiltanym. 2024;(2):89-99. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-2-89-99

Қараулар: 30


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)