Preview

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ПАРАДИГМА

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-40-50

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерінің тілі мәдениет контексінде қарастырылады. Қарахандықтар дәуірінің көлемді де құнды этнографиялық және әдеби еңбектері болып саналатын М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігі мен Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» дастаны зерттеуіміздің материалы болып алынды. Ортағасырлық түркі жазба ескерткіштері антропоцентристік парадигма тұрғысынан зерделеніп, ескерткіштер тілі мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Түркі ескерткіштеріндегі мақал-мәтелдердің табиғатына, олардың қазіргі қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен ұқсастықтарына, яғни парадигмалық байланысына аса назар аударылады. Екі ескерткіште де түркілердің этникалық болмысын, мәдениетін сипаттайтын мәдени және тілдік деректерге мән берілді. Ортағасырлық екі ескерткіштегі этномәдени лексиканы талдау көрсеткендей, түркі халықтары ортағасырда егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан, олардың дүниетанымдық көзқарастары, лексикалық бірліктері қазіргі түркі халықтарымен, соның ішінде қазақ халқымен сәйкес келеді. Сонымен қатар екі ескерткіштегі этнографиялық лексиканың тақырыптық топтары көрсетілді. Талдау М.Қашқаридың еңбегінде орта ғасырлардағы түркілердің өмірі, материалдық және рухани мәдениеті туралы құнды ақпарат қамтылғанын көрсетті. «Құтадғу білік» дастаны мен қазақ поэзиясындағы лексикалық және поэтикалық сәйкестіктер анықталды.

Авторлар туралы

К. Х. Абдрахманова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Күлсін Халыққызы Абдрахманова - филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Алматы қ.



Н. Н. Конкабаева
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Назым Нұрболатқызы Қонқабаева - философия докторы (PhD)

Алматы қ.



Ж. Т. Абдуллаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Жібек Тұрарқызы Абдуллаева - филология ғылымдарының кандидаты

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Айдаров Ғ., Құрысжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1971.

2. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. 5-т.: Жүсіп Баласағұн. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ. Егеубаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйi, 2007. – 536 б.

3. Баласағұни Й. Құтадғу білік: Құт әкелетін білім / Аударған А.Егеубаев. – Астана: «Ғылым» баспасы, 2015. – 576 б.

4. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – Москва: Прогресс, 1985. – 425 с. Гумилёв Л.Н. Древние тюрки. – Москва: Наука, 1967. – 504 с.

5. Егеубаев А. Идейно-художественное влияние поэмы «Кутадгу Билиг» Юсуфа Баласагуна на развитие казахской литературы: 10.01.03. Каз. пед. инс-т им. Абая. – Алма-Ата, 1989.

6. Karahan A. Uluslararası Türk Dili ve Edebiyatı öğrenci Kongresi TUDOK. – İstanbul Kültür üniversitesi AtaköY- İstanbul Bildiriler, İstanbul, 2008. – S. 51-62. Кононов А.Н. Изучение «Диван лугат ат-турк» Махмуда Кашгарского в СССР // Советская тюркология, 1973. – №1. – С. 3-9.

7. Қашқари М. «Түрік тілінің сөздігі»: (Диуани лұғат ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: Хант баспасы, 1997. – 590 б.

8. Құрышжанов Ә. «Ескі түркі жазба ескерткіштері (XI-XV ғғ.)» курсының бағдарламасы. – Қарағанды: КарГУ, 1986. Томсен В. Древние письмена из Монголии. – Лейпциг, 1924. – 25 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Абдрахманова К.Х., Конкабаева Н.Н., Абдуллаева Ж.Т. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ПАРАДИГМА. TILTANYM. 2024;(3):40-50. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-40-50

For citation:


Abdrakhmanova K., Konkabayeva N., Abdullayeva Zh. THE ETHNOCULTURAL AND LINGUISTIC PARADIGM IN THE TURKIC WRITTEN MONUMENTS OF THE MIDDLE AGES. Tiltanym. 2024;(3):40-50. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-40-50

Қараулар: 168


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)