ҚАЗАҚ ТІЛІ ДАУЫСТЫ БІРЛІКТЕРІНІҢ ҮНДЕСІМ АЙТЫЛЫМЫ МЕН ЕСТІЛІМІ
Аннотация
Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінетіндігі көрсетілді, сондай-ақ жасалым, айтылым және естілім тұрғысынан көрнекі дәлелдемесі ұсынылды. Дауыстылардың жалаң/құранды түрлерінің құрамы мен анықтамасы берілді: бастан-аяқ біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп, ал бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп аталады. Дауысты дыбыстар өзара жұптаса талданып, олардың жаңғыртқылар (резонаторлар) жүйесі алғаш рет модельге түсірілді. Дауысты дыбыстардың айырым/ ортақ белгілерінің көрнекі дәлелдемесі ұсынылды.
Мақалада қазақ тілі дауысты дыбыстарының жүйесі артикуляциялық, акустикалық және перцепциялық тұрғыдан өзара салыстырыла талданып шыққан. Дауыстыларды өзара жұптастыру арқылы олардың айырым белгілері көрнекіленген.
Авторлар туралы
Ә. ЖүнісбекҚазақстан
Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы
Алматы қаласы
А. Молдашева
Қазақстан
Филология ғылымдарының кандидаты
Түркістан қаласы
М. Талдыбаева
Қазақстан
Түркістан қаласы
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жүнісбек Ә., Молдашева А., Талдыбаева М. ҚАЗАҚ ТІЛІ ДАУЫСТЫ БІРЛІКТЕРІНІҢ ҮНДЕСІМ АЙТЫЛЫМЫ МЕН ЕСТІЛІМІ. TILTANYM. 2015;(2):88-98.
For citation:
Zhunisbek A., Moldasheva A., Taldybaeva M. THE ARTICULATORY, PERCEPTUAL AND ACOUSTIC DESCRIPTION OF VOWEL UNITS IN THE KAZAKH LANGUAGE. Tiltanym. 2015;(2):88-98. (In Kazakh)