Ұлттық қазақ әліпбиін пернетақтада орналастырудың статистикалық негіздері
Аннотация
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімі пернетақтада ең жиі қолданылатын әріптерді анықтау үшін қазақ тіліне жиілік талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде қазақ тіліндегі ең жиі кездесетін әріптер мен жиі кездесетін әріп тіркесімдері анықталып, ұлттық пернетақтада әріптерді тиімді орналастыруға қажетті статистикалық ақпарат берілді.
Сонымен қатар осы жиілік талдау нәтижесі бойынша қазақ әріптері мен әріп тіркестерінің жиі кездесуі ескеріліп орналастырылған пернетақтаның пилоттық жобасы ұсынылды.
Мақалада жаңа ұлттық әліпби негізінде латын қаріпті қазақ әріптерін пернетақтада орналастырудың статистикалық негіздері сипатталған. Пернетақтада әріптерді тиімді орналастыру үшін кирилдегі қазақ әріптерінің қолданыстағы кездесу жиілігі, сонымен қатар әріптердің бір-бірімен тіркесіп келудегі жиілігі анықталып, осы жиілік талдау бойынша латын қаріпті қазақ әріптері пернетақтаға орналастырылды. Әріптерді пернетақтада теру ыңғайлылығына қарай пернетақта актив және пассив аймақтарға бөлініп, ортаңғы бөлікке жиі кездесетін әріптер, ал шеткі бөлікке сирек кездесетін әріптер орналастырылды.
Мақалада әрбір әріптің статистикалық мәліметі мен пернетақтада орналастырылу себептері нақты баяндалады.
Авторлар туралы
А. Қ. ЖұбановҚазақстан
бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор
Алматы
А. Ә. Жаңабекова
Қазақстан
бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы
Алматы
Д. Тоқмырзаев
Қазақстан
ғылыми қызметкері, бағдарламашы
Алматы
Әдебиет тізімі
1. http://stud24.ru/information/istoriya-sozdaniya-klaviatury/22660-65009-page1.html
2. http://encicl.narod.ru/klav.htm
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жұбанов А.Қ., Жаңабекова А.Ә., Тоқмырзаев Д. Ұлттық қазақ әліпбиін пернетақтада орналастырудың статистикалық негіздері. TILTANYM. 2018;(1):3-12.
For citation:
Zhubanov А.K., Zhanabekova А.A., Tokmyrzaev D. The statistical foundations of the location of the national Kazakh alphabet on the keyboard. Tiltanym. 2018;(1):3-12. (In Kazakh)