Preview

А.Сейдімбек еңбектеріндегі моральдық-этикалық қалыптардың репрезенттелу ерекшеліктері

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-98-108

Толық мәтін:

Аннотация

Қазақ халқының рухани мәдениетін сипаттайтын рухани болмысы, ақыл-ой әлеміндегі жетістігі,тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отыратыны белгілі. Мақалада соның негізінде қалыптасатын моральдық-этикалық қалыптардың репрезенттелу ерекшеліктері сөз болады. Мәселенің негізгі бағыты ретінде рухани мәдениеттің бейнеленуіндегі көркем концепт табиғатының ырым-тыйымдармен арақатынасы айқындалып, концептілік тұрғыдан зерттеуді қажет етететіндігі қарастырылады.

 Осымен байланысты базалық зерттеу материалы ретінде этнограф-ғалым А.Сейдімбектің еңбектеріндегі, қазақ халқының концептосферасында мәдени бірлік құрайтын «ырым», «тыйым» концептілерінің репрезенттелу ерекшеліктеріне тоқталамыз. Осы мақсатқа сәйкес ғалымның көркем мәтіндеріндегі аталмыш концептілерді тіл менмәдениет сабақтастығында зерттеу ұлттың әлеуметтік өмірі мен рухани мәдениетінің тілдік репрезенттелуін дәйектейді. Көркем поэтикалық мәтіндерде осындай моральдық-этикалық бірліктер көркем концептінің репрезентанты ретінде көрініс табатындығы антропоцентристік бағытқа сай салыстыру, модельдеу және кодтауәдістері арқылы тұжырымдалады.

Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі халықтың мәдениетіндегі салт-дәстүрі, ырым-тыйымы, әдет-ғұрпы құрайтын жүйесінің тіл иесінің ой-сезімі мен іс-әрекетінде көрініс тауып, дәстүрі мен тұрмыс-салтындағы мақсаты мен мәнін айқындауға көмектеседі, моральдық-этикалық қалыптарға (нормаларға) иелігі нақты мысалдармен сипатталады. Жалпы халықтық білім сияқты, ырым да рационалды және иррационалды бастаулардың тоғысы ретінде, сондай-ақ синкретті бірлігінің нәтижесі ретінде анықталады. Этникалық тіл мен моральдық-этикалық қалыптарды ұғыну аралығындағы байланыстың сипаты туралы мәліметтер ырым-тыйымдардағы тілдік көрініс-бейне (картина) тұтасымен алғанда бірнеше қабаттарға бөлініп, ол қабаттардағы моральдық-этикалық қабаттар хронологиялық (диахронологиялық) сипаттармен ерекшеленетіндігі ырым-тыйым сөздері арқылы көрініс табады. Қазақ тілінің этномәдени атауларының когнитивтік кеңістігіндегі адам туралы ментальдік түсініктерпрофессор А. Сейдімбектің еңбектерінде ұлттық-мәдени ерекшеліктерді құрайтындығы анықталады. Моральдықэтикалық қалыптардың рухани қазына, халықтың өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыруының көркем мәтіндегі репрезентациясы А.Сейдімбек еңбектерінің негізінде дәлелдемелермен ұсынылады.

Авторлар туралы

Б. М. Базарбеков
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Б.М. Базарбеков - «Филология» PhD докторанты, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың

Шымкент қ.



Б. М. Тлеубердиев
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Шымкент қ.



А. Б. Мақұлбек
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Шымкент қ.



Әдебиет тізімі

1. Авакова Р.А., Султанчубиева А.А. (2010) Тілдің танымдық таңбасы // Тіл және руханият: өзекті мәселелер. – Астана, 2010. – 560 б.

2. Бенвенист Э. (1974) Общая лингвистика. – М.: Наука, 1974. – 308 с.

3. Жанпейісова С.Е. (1999) Рухани мәдениет лексикасы: филол. ғылым. канд. … дис. автореф. – Алматы, 1999. –30 б.

4. Қайдаров Ә. (1988) Қазақ тілі тарихы лексикологиясының мәселелері // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері. 3 – 40 б., – Алматы, 1988. 198 б.

5. Манкеева Ж.А. (1997) Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы: филол. ғылым. док. дис. автореф. – Алматы, 1997. – 53 б.

6. Маслова В. А. (2001) Лингвокультурология. Учебное пособие. – М.: Искусство, 2001. – 208 с.

7. Рысберген Қ.Қ. (2011) Ұлттық ономастиканың лингвокогнитивтік негіздері. – Алматы: Дайк-Пресс, 2011. –328 б.

8. Сейдімбек А. (2010) Алты томдық шығармалар жинағы, 2-ші том. – Астана: Фолиант, 2010. – 816 б.

9. Сейдімбек А.С. (2008) Қазақтың ауызша тарихы: зерттеу. – Астана: Фолиант, 2008. – 728 б.

10. Сыздық Р. (2004) Абайдың сөз өрнегі. – Алматы, 2004. – 290 б.

11. Тарланов З.К. (1993) Язык. Этнос. Время. Очерки по русскому и общему языкознанию. – Петрозаводск: Изд-во Петрозаводского государственного университета, 1993. – 222 с.

12. Шындалиева М.Б. (2019) Ақселеу Сейдімбектің шығармашылық мұрасы: ұжымдық монография. – Алматы: Cyber Smith, 2019. – 284 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Базарбеков Б.М., Тлеубердиев Б.М., Мақұлбек А.Б. А.Сейдімбек еңбектеріндегі моральдық-этикалық қалыптардың репрезенттелу ерекшеліктері. TILTANYM. 2024;(1):98-108. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-98-108

For citation:


Bazarbekov В.М., Tleuberdiev В.M., Maqulbek A.В. PECULIARITIES OF THE REPRESENTATION OF MORAL AND ETHICAL NORMS IN THE WORKS OF A. SEIDIMBEK. Tiltanym. 2024;(1):98-108. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-1-98-108

Қараулар: 134


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)