Preview
№ 4 (2021)
Шығарылымды жүктеу PDF
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2021-4

3-13 362
Аннотация

Коммуникативті-ақпараттық және әсер ету функцияларын атқаратын Бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) тілдік жағдаяттардың көрінісі деп тануға болады. Сондықтан БАҚ тілі мен стилі арқылы, әсіресе сыртқы факторлардың ықпалынан туындайтын тілдің ішкі ресурстарының динамикасын байқауға болады: жаңа тіркестер жасалады, қалыптандыруды қажет ететін жаңа қолданыстар мен қазақыландырылған терминдер, калькаланған тіркестер, діни лексика, жергілікті тіл ерекшеліктері мен кәсіби лексика, ауызекі сөйлеу тілінің белгілері, экспрессивті-образды орамдар қолданылады, олар медиамәтіндердегі қазіргі сөзқолданыстарды, стиларалық диффузияны танытады. Осо себепті қазіргі қазақ БАҚ тіліндегі лексика-фразеологиялық құбылыстарды деркезінде, ұдай сараптаудың өзектілігі байқалады, бұл ең алдымен тілтанымының бір саласы ретіндегі қазақ медиалингвистикасының дамуына үлес қосады, тіл мәдениеті мәселелерін де қадағалауға ықпал етеді. Мақалада соңғы онжылдықтардағы қазақ БАҚ тіліне шолу-талдау жасау негізінде қазіргі қазақ мерзімді баспасөз тіліндегі өзіндік тілдік-стилдік ерекшеліктер (функционалдық аспект тұрғысынан) қарастырылады.

14-25 267
Аннотация

Мaқaлa лaтын грaфикaсынa көшу кeзiндe кeздeсeтiн қиындықтaрды сипaттaуғa aрнaлaды. Бұл қиындықтaр, әринe, уaқытшa жәнe тeориялық тұрғыдaн шeшiлeрі анық. Бiрiншi кeзeктe әлeмдiк тiлдeр жүйeсiндeгi қaзaқ тiлiнiң типологиялық eрeкшeлiгiмeн бaйлaнысты.

Мaқaлaмыздa Профeссор Ә.Жүнiсбeктiң eңбeктeрiнe сүйeнe отырып, қaзiргi қaзaқ тiл бiлiмiндeгi бaсты мәсeлe – тiлдiң дыбыстық құрылымын тaлдaудың жaңa әдiстeрiн бeрeмiз. Бұл ұлттық сaнaны жaңғырту aясындaболуы кeрeк. «Eвроцeнтризм» – үндieуропaлық тiлдeрдi тaлдaу әдiстeрi мeн ұстaнымдaры, мұндa фонология фонeтикaны тaлдaудың тeориялық нeгiзi болып тaбылaды.

Қaзaқ тiлiнiң iшкi eрeкшeлiктeрi мeн зaңдылықтaрын сипaттaу үшiн нaқты зeрттeу aппaрaты (ұғымдaр мeн тeрминдeр) қaжeт eкeнi сөз болaды. Нәтижeсiндe дыбыстaрдың құрaмы мeн жүйeсiнiң тeмбрлiк сипaттaмaлaрын, дыбыстaрдың, буындaрдың жәнe морфeмaлaрдың модификaциялaрын тaбуғa болaды. Бұл нaқты aнықтaуғa жәнe дыбыстaрдың сингaрмониялық жәнe aссимиляциялық модификaция жүйeсiн сипaттaуғa, ұлттық әлiпби құруғa, оқулықтaр мeн оқу-әдiстeмeлiк құрaлдaрғa көрнeкi иллюстрaциялaр ұсынуғa, оқыту әдiстeрiн жeтiлдiругe мүмкiндiк бeрeдi.

Профeссор Ә.Жүнiсбeктiң тeориялық жәнe прaктикaлық зeрттeулeрiнiң нәтижeлeрi лaтын әлiпбиiн құрудың тeориялық нeгiзiрeтiндe қaрaстыруғa болaды. Ұлттың рухaни жaңғыруы тiлдiң жaңaруынaн бaстaлaды жәнe әлiпби жүйeсiнiң нeгiзi болып тaбылaды: ұлттық әлiпби – ұлттық сөз – ұлттық тiл.

26-36 341
Аннотация

Дипломатия тілі адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарда аса маңызды қызмет атқаратын ресми стильдің бір түрі бола отырып, саяси, мәдени, экономикалық және әлеуметтік салалардағы халықаралық қатынастарда көрініс табады. Бұл оның экстралингвистикалық ерекшелігі, ол басқа стильдерден, атап айтқанда, ресми іскерлік стильдің басқа түрлерінен дипломатиялық дискурсты бөліп көрсетеді. Дипломатия дискурсы көбіне-көп ресми іс-қағаздары стиліне тән болып келсе де, халық алдына шыққан дипломаттың жеке дискурсында ауызекі стиль элементтері коммуникативтік жағдаятқа орай кездеседі. Осы факт мақаланың зерттеу нысаны ретінде алынды.

Мақалада «дискурс», «дипломатиялық дискурс», «дипломатия тілі» ұғымдарының зерттелу бағыттары, анықтама ретінде берілуі қазақ, еуропа, ресейлік ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп шолу жасалып, дипломаттың дискурсындағы ауызекі стильдің прагматикасы лексика-грамматикалық тілдік бірліктер, басқа да тілдік құбылыстармен берілуімен анықталады. Лингвистикалық талдау нәтижесінде дипломат дискурсындағы ауызекі стильдің көрініс табуынан осы дискурсқа тән мемлекетке қызмет ету сипатындағы мамандықтың қасиеттілігі, ерекше кадрлық және ұйымдастырушылық құрылымдық басқару, дипломатиялық этика және хаттамада жазылған мінез-құлық нормалары, кәсіби терминологияның айтарлықтай көлемі, кәсіби қарым-қатынастың ерекше формалары сияқты белгілерінің адресатқа түсініктілік дәрежесінің артатыны бағамдалады. Сонымен қатар мақалада екі дипломаттың дискурсы қатар беріліп, олардың тілдік ерекшеліктері көрсетіледі.

37-46 431
Аннотация

Мақалада ХХ ғасыр басындағы көрнекті алаш қайраткері, ғалым, физик, математик, аудармашы, талантты лингвист, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Елдес Омарұлының ғылыми мұрасын талдау негізінде қазақ тілтанымы мен ғылыми ойының дамуына қосқан үлесі баяндалады. Ғалымның ХХ ғасырдың 20-30 жылдар аралығында жазған тарих, аударма, оқу әдістемесі және физика, математика сияқты жаратылыстану ғылымы мен тіл білімінің көптеген салаларына байланысты, жалпы көлемі 5-6 том болатын ғылыми еңбектері толық қарастырылып, ондағы маңызды мәселелер мен өзекті тақырыптар туралы шолу жасалады. Соның нәтижесінде Елдес Омарұлының қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесіне, қазақ лингвистикасының қалыптасуына сіңірген еңбегіне баға беріледі. Әсіресе тілтанымдық мұрасы, тіл білімінің фонетика, лексика, грамматика деңгейлері мен емле (орфография), терминология, ономастика салаларына қатысты еңбектері талданады. Сондай-ақ ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен тіл білімі саласындағы ғылыми сабақтастығы мен өзіндік тың ізденістері салыстырыла талданып, қазақ жазуы мен емлесінің дамуына қосқан үлесітуралы нақты тұжырымдар айтылады. Бұл талдаулардың нәтижесінде бүгінгі таңдағы әліпби реформасы қарсаңында туындаған қазақ емлесінің түйткілді мәселелеріне ғалым еңбектерінен ғылыми дәйектемелер ұсынылады. Мақала «елдестанудың» дамуына өзіндік үлес қосатын, ізашар тұжырымдармен ерекшеленетін алғашқы арнайы зерттеу мақалаларының бірі. Мақалада негізінен сипаттамалы әдіс қолданылады. Тілтанымдық еңбектерін талдауда құрылымдық әдіс қолданылса,ішінара салыстырмалы әдіс қолданылады.

47-59 379
Аннотация

Мақалада тіл біліміндегі код термині, мәдени код проблемасы, кодтың семантикасы, код ұғымы мен шифр ұғымының тепе-теңдігі мен олардың арасында тепе-теңдік болмайтынын дәлелдейтін көзқарастар талданды. Тілдің түрлі қызметтері арасында мәдени қызметінің орны бөлек, өйткені тіл мәдени қызмет атқарады, сөздік қоры, мәтіндер арқылы тіл «мәдениеттің архивіне, оның жадына» айналады. Ал мәдени кодты таңбалар жиынтығы деуге болады. Ол өзінің бойына коммуникацияның бүкіл вербалды және бейвербалды таңба-белгілерін жинақтау арқылы маңызды мәдени ақпаратты жеткізеді. Ақпаратты бір формадан екінші түрге аудару үшін ойлаудың бейвербалды түрінің немесе тілдік емес кодтардың қызметі мен қажеттілігі зор.

Бейвербалды амалдар – тілдік қатынаста сөзбен қатарласа, сөздердің жанында жүріп орындалатын, коммуниканттар қабылдайтын көмекшілік қызметтегі амалдар. Олардың функциясы әртүрлі, қолданысы да үнемі ұқсас бола бермейді. Ал осындай әралуандығы коммуниканттардың интенциясына қарай туындап отырады. Ойлаудың бейвербалды түрі саналатын әрі тілдік емес, қосалқылық қызмет атқаратын бейвербалды амалдарды түрлі физиологиялық, психологиялық сипаттағы амалдардан ажыратудың бірнеше жолы бар, олар: коммуникациядағы мәнділігі, белгілі бір мақсатты көздеу барысында орындалуы, маңыздылығы және жалпыхалыққа, тілді тұтынушы ұжымға түсініктілігі т.б. болып табылады. Міне, осындай ерекшеліктер паралингвистика саласын зерттеудің өзектілігін білдіреді. Ал тілдік емес кодтарға жататын көмекші құралдарға қатысты көркем шығармалардан іріктеліп алынды.

60-71 641
Аннотация

Жер шарындағы барлық тілдер қоғамда болып жатқан түрлі әлеуметтік жағдайларға, құбылыстарға жауап береді. Қазақ тілі де үздіксіз даму, толығу, өзгеру үстінде. Күн сайын оның лексиконында жаңа сөздер пайда болып, ескіріп,енді бірі қолданыстан шығып,кейбірінің мағынасы өзгеріп, қайта жаңарып жатыр. Соңғы кезде әлемді шарпыған пандемия және елдегі орын алған эпидемиологиялық жағдай да тілге өз әсерін тигізбей қоймады. COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы мен шектеу шаралары бүкіл әлемнің, оның ішінде Қазақстанның қоғамдық өміріне айтарлықтай өзгерістер әкелді, сонымен қатар тілдің ішкі ресурстары арқылы жаңа атаулардың қалыптасуына кейбір сөзжасамдық құралдардың өнімділігіне, тілдік үдерістердің жедел ағымына серпін берді. Шын мәнінде коронадағдарыс әлемнің барлық тілдерінің сөздік қорын жаңа терминдермен толықтырды. Пандемиямен бірге қазақстандықтардың да лексиконына ұжымдық иммунитет, бетперде, екпе алу, арақашықтықты сақтау, ковид, т.б. көптеген сөздер енді. Мақалада коронавирустық пандемияға қатысты қазақ тілінде пайда болған немесе мағынасы жаңарған неологизмдер талданды. Зерттеу «коронави- рустық дәуірдің»тәжтажал, тәжді вирус, коронавирус сияқты лексикалық жаңалығы тілде 2020 жылы пайда болып, қысқа мерзімнің ішінде жалпы қоданысқа еніп, қолданыс жиілігі жоғары тіркес құраушы сөздердің қатарынан орын алғандығын көрсетті.

72-82 602
Аннотация

Тіл – үнемі өзгеріп, дамып, толығып отыратын қоғамдық құбылыс. Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәрі тіл арқылы таңбаланып өмірге еніп жатады. Өмірге келіп жатқан жаңа тілдік қолданыстардың айналымға еніп, қалыптасып тұрақталуында баспасөздің атқаратын қызметі ерекше. Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік тұғырына көтерілуі, тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы қазақ баспасөзінің де жаңа арнаға түсіп, жаңаша дамуына алып келді. Баспасөз дамуындағы жаңалықты сөз ізденістерді тап басып көрсете білу үшін алдымен, әрине, оның тілін жүйелі түрде зерттей, зерделей түсуіміз керек.

Мақалада жоғарыда айтылған жайттар ескеріле отырып, қазақ әдеби тілін қалыптастырып, дамытудағы баспасөз, баспасөз тілі еліміз егемендік алғаннан бергі жаңа кезең тұрғысынан қарастырылып, мұнда, әсіресе, фразеологияның баспасөздегі қолданысына бұрын айтылған теориялық ой-пікірлер мен жиналған материалдарға талдау жасалынып, зерттеу жүргізіледі. «Жас Алаш», «Оңтүстік Қазақстан» газеттеріндегі фразеологизмдер жиналып, олардың қолданыс ерекшелігі мен окказионалдық түрлері анықталды. Аталған газеттердің 2010 жылдан бері шыққан саны мақаламызға дереккөз ретінде алынды. Қазіргі газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің тақырыптық топтары анықталды. Атап айтқанда, жұмыссыздық, дағдарыс, білім, сайлау мәселелеріне қатысты фразеологизмдер жинақталып, сара-ланды. Газет мәтіндеріндегі фразеологизмдердің аймақтық қолданысқа қатысты ерек-шеліктері де мақала мәтінінде талданды. Қазіргі баспасөздегі фразеологизмдердің қолданысына қатысты зерттеулерге сүйене отырып, ғылыми тұжырымдар ұсынылды.

Мақала «Жазба мұра және мәтінталдау: ХХ ғасыр басы публицистикасындағы орфограмма, сөзжасам мен көркем мәтін лингвопоэтикасы» атты гранттық қаржы- ландыру бойынша зерттеу жобасының негізінде жазылды.

83-92 2019
Аннотация

Мақалада Алматы қаласының ономастикалық кеңістігінің маңызды тілдік бөлшегі ретінде годонимдердің лингвистикалық, тарихи, мәдени, әлеуметтік ерекшеліктері, олардың сандық-сапалық көрсеткіштері айқындалады. Алматы қаласының годонимдері тұрғындар мен қонақтардың, туристердің тілдік, мәдени және әлеуметтік-эстетикалық санасын қалыптастыратын, негізгі бағыттық маңызы бар объект болғандықтан асазерттеуді қажетсінеді. Қала сан түрлі реформалар мен тарихи процесстердің куәгері болғандықтан,көше атауларының тілдік ерекшеліктерін зерттеу ұлттық мағынаға ие атаулардың үлесін, олардың даму бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Шаһардың ономастикалық атаулары, оның ішіндегі годонимдер әлемдік, халықаралық ақпараттық кеңістікке еркін еніп, кең көрініс тауып келеді. Оны google map, Yandex map электрондық карталарынан, 2ГИС мобильді қосымшаларынан байқауымызға болады. Бұл карталардағы қаланың годонимдік атаулары халықаралық латын графикасында не орыс тілінде таңбаланып келеді. Алматы қаласының годонимиясын (көше және метро атауларына байланысты) бірізділендіруге, оны ұтымды үйлестіруге қатысты нақты ұсыныстар берілді.

93-104 301
Аннотация

Адамдардың өмірін географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Бір жерді екінші бір жерден ажырату үшін географиялық атаулар қажет. Халқымыз ежелден өзі мекендейтін ортадағы әрбір өсімдікті күнделікті тәжірибесінде пайдалана отырып, олардың пайдасы мен зиянын байқап отырған. Себебі көшпелі өмір сүру дағдысы әр жайылымдық жердің ерекшеліктерін: климатын, жер бедерін, су көздерін, өсімдігін, мал жайылымының жарамдылығын, маусымдық пайдаланымды білуді талап етті.Соған орай қай жерде қай түлікті өсірудің тиімділігіне көңіл аударылып,сол өңірлерге тән шаруашылық түрлері қалыптасқан. Мысалы, сиырдыөлеңшөп өсетін жайылымға, жылқы мен қойдыжусаны мен бетегесі бітік шығатын жайылымға, түйені шөлді жердің жайылымына жайған. Жерімізде фитотопонимдік атаулардың жиі кездесуіне, мәдени кодтың әсері көбірек болатынын байқауға болады. Себебі халықтың мәдениеті оның тұрмысымен, өмір салтымен тығыз байланысты. Топонимиядағы фитотопонимиялық лексиканы зерттей отырып, белгілі бір аймақтың ландшафтының жоғалып кеткен ерекшеліктері туралы қызықты ақпараттың сырын ашуға болады. Бұл мақалада географиялық атаулардың маңызы туралы айтылып, өсімдік әлемі қазақ топонимикасында, атап айтқанда оронимдер, гидронимдер мен ойконимдер жүйесінде қалай көрінетініне назар аударылып, бірнеше өсімдіктің тілдік коды мен мәдени коды туралы ақпарат беріледі.



ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)