Авторға

Қазіргі таңда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан шығатын «Тілтаным» журналының әлеуеті жоғары жәнежурналда қазақ лингвистикасының, тілтанымдық ғылыми ойдың дамуын көрсететін тіл білімінің өзекті мәселелері жарияланып отырады. Сондай-ақ  тіл білімінің өзекті проблемаларын қамтитын, әсіресе қазіргі тіл ғылымында жаңа бағыттарға қатысты көптеген тың ізденістер бойынша мақалалар оқырманның (ізденуші, зерттеуші, тәлімгер) білім көкжиегін кеңейтуіне жол ашады және ол мерзіміне сәйкес жарыққа шығып отырады. Сондай-ақ журнал тек Қазақстанғағана емес, халықаралық ғылыми қауымдастықтағы алыс және жақын шетелдерден АҚШ, Канада, Кипр, Венгрия, Швейцария, Ресей, Голландия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Түркия, Германия, Монғолия сияқты елдерге де танымал.

Журналдың міндеттері:

  • Жарияланым авторларына сапалы редакциялық-баспа қызметтерін, сондай-ақ аударма және рецензиялау қызметтерін ұсыну;
  • Әр елдің оқытушылары мен ғалымдарының арасында өнімді диалог орнау үшін жоғары сапалы дискурсивті ғылыми кеңіс құру;
  • халықаралық деңгейде жаңа идеялар мен зерттеу нәтижелерін кеңінен таратуды қамтамасыз ету;
  • жас ғалымдар мен оқытушылар үшін тиімді өзін-өзі таныстыру әдістерін әртараптандыру;
  • маңызды халықаралық ғылымиіс-шаралар, басылымдар, кәсіби даярлау/қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары туралы кең түрде ғылыми жұртшылықты хабардар ету;
  • Журнал отандық және шетелдік зерттеушілерге, оқытушыларға, экономика мен білімнің өзекті мәселелеріне қызығушылық танытатын жас ғалымдарға арналған;
  • Журнал қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік және басқа да тілдерде қағаз түрінде шығарылады, онда жазылған тілде, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдерінде мақалалардың атаулары, аннотациялары, түйін сөздер, авторлардың деректері және олардың аффилиациясы берілген.
  • Плагиатқа қарсы саясат
  • Журнал тек жоғары сапалы ғылыми жұмыстарды жариялайды. Егер автор(лар) өз еңбектерінде басқа мақалалардан (ағылшын немесе басқа тілдерде) үзінділерді пайдаланса, ол(лар) дереккөздерге сілтемелер беруі немесе алдыңғы баспагердің немесе авторлық құқық иесінің рұқсатын алуы тиіс. Плагиат бар мақалалар жариялауға жіберілмейді. Егер мақаланы тексергеннен кейін онда плагиаттың болуы анықталса, авторға, тиісті институтқа және қаржыландырушы ұйымға (бар болса) жоғарыда көрсетілген себеп бойынша жарияланудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
  • Мұрағат саясаты
  • Мұрағат саясаты журнал мұрағаттарына еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге және сақтауға бағытталған. Мұрағат рецензияланған мақалалардың мәтіндерінен, аннотациялардан және журналда жарияланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Журналдың веб-сайтында сіз журналдың мақалалары бойынша кеңейтілген іздеуді жүзеге асыра аласыз (кілт сөздер, автор, атау, бөлім бойынша).