ЖУРНАЛ САЯСАТЫ

Плагиатқа қарсы саясат

Журнал тек жоғары сапалы ғылыми жұмыстарды жариялайды. Егер автор(лар) өз еңбектерінде басқа мақалалардан (ағылшын немесе басқа тілдерде) үзінділерді пайдаланса, ол(лар) дереккөздерге сілтемелер беруі немесе алдыңғы баспагердің немесе авторлық құқық иесінің рұқсатын алуы тиіс. Плагиат бар мақалалар жариялауға жіберілмейді. Егер мақаланы тексергеннен кейін онда плагиаттың болуы анықталса, авторға, тиісті институтқа және қаржыландырушы ұйымға (бар болса) жоғарыда көрсетілген себеп бойынша жарияланудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

Мұрағат саясаты

Мұрағат саясаты журнал мұрағаттарына еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге және сақтауға бағытталған. Мұрағат рецензияланған мақалалардың мәтіндерінен, аннотациялардан және журналда жарияланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Журналдың веб-сайтында сіз журналдың мақалалары бойынша кеңейтілген іздеуді жүзеге асыра аласыз (кілт сөздер, автор, атау, бөлім бойынша).