МАҚАЛАНЫҢ РӘСІМДЕЛУ ТАЛАПТАРЫ

Ғылыми мақалада:

  1. Автор туралы мәлімет (автор):

           – жұмыс орны, қызметі;ЖОО, кафедра атауы;

           – ғылыми дәрежесі, атағы;

           – контакт телефон нөміріe-mail.

  • Мақаланың тақырыбы(қазақ, орыс, ағылшын тілінде);
  • Аннотациясы (егер мақала қазақ тілінде болса, орыс немесе ағылшын тілінде, егер мақала орыс тілінде болса қазақша немесе ағылшын тілінде, егер мақала ағылшын тілінде болса қазақша немесе орыс тілінде);
  • Түйіндеме (қазақ, орыс, ағылшын тілінде);
  • Тірек сөздер (қазақша, орысша, ағылшынша);
  • Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі болуы керек.

Ғылыми мақаланы рәсімдеу талабы

Ғылыми мақаланың көлемі 7-10 беттен аспау керек. Мақала компьютерге А4 кітап форматында (беттерінің төрт жағы да 2,5см, TimesNewRoman, қара түспен, шрифт көлемі -14; 1 интервал) теріліп,сілтеме тіктөртбұрышпен берілу керек.

Мақала кіріспе бөлімінен, зерттеудің әдістемесінен, экспериметтік зерттеу мен қорытындыдан тұрады. Бұл бөліктерді қою қаріппен беру міндетті емес. Берілген мақала құрылымға сәйкес келіп, логикалық жағынан байланысу керек.

Мақаланың ортасында автордың аты-жөні мен ғылыми жұмысты жүгізіп жатқан ғылыми мекеме немесе ұйымның атауы  және лауазымы, ғылыми атағы жазылады.

Аннотация. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ мақаладағы қозғалған негізгі мәселе мен оның тәжірибедегі қолданысы мақала тілінде сипатталады (150-300 сөз).

  • Тақырыбы, түйіндеме және тірек сөздер (3-5 сөз) қазақ, орыс және ағылшын тілінде;
  • Кіріспесі мен жаңалығы. Зерттеліп жатқан ғылыми фактілердің теориясы мен тәжірибесі туралы.
  • Зерттеудің тәжірибелік жағы. Автодың мақаласында статистикасы, тақырып бойынша зерттеуі мен өзіндік ғылыми нәтижелері беріледі. Суреттері, формулалар мен кестелері тек мәтін форматынан тыс жүргізіледі. Мақалада теориялық жағы мен автордың әрі қарайғы талдауы, пікірі көрініс табады.
  • Эксперименттік бөлім. Талдау мен теориялық жағынан салыстыру кезіндекөлемі өзіндік орын алады.
  • Қорытынды мен ұсыныс. Мақаланың негізгі бөлімінде қойылған сұрақтардың жауабы ретінде қорытындыда нақты нәтижелерге қол жеткізіледі.
  • Мақалалар тізімі. Мақалаға сілтемелер тізімі міндетті болып табылады және мәтінде келтірілген және көрсетілген барлық жұмыстарды қамтуы керек. 7.5-98 ГОСТ немесе 7.1-2003 ГОСТ бойынша «Библиографиялық сілтеме. Жалпы талаптар және рәсімдеу ережелеріне» сәйкес жасалып рәсімделеді. Сілтеме жасалғанда, төртбұрышты жақшада жұмыстың реттік нөмірі қамтылады. Баспада жатқан өндірістегі еңбектерге сілтеме жасалмайды.

Қосымша мәлімет:

Егер де мақала мәтінінде суреттер мен кестелер орналастырылса, олардың тақырыптық атаулары берілуі керек.

Графикалық нысандар мен кестелер нөмірленіп, белгіленіп, мақаланың өрісінен тыс кетпей, беттің өлшеміне сәйкес келу үшін үлкен графикалық өлшемді кішірейту қажет.

Кестелер былайша беріледі: жоғарғы оң жақ бұрышта «Кесте» сөзі жазылады, кестенің нөмірі санмен беріледі (егер олар біреуден көп болса), төменде орта тұста кестенің тақырып атауы бас әріппен жазылады (сөйлемнің соңында нүктесіз). Егер кесте екі параққа берілсе, онда оның бағандары әр бетте нөмірленуі керек.

Жарияланымда  жалпы қабылданған қысқартулар ғана пайдаланылады.

Журналдың редакциясы құжаттар жиынтығын электронды түрде қабылдайды.

Мақала авторы журналдың редакция алқасына  төмендегідей тәртіппен құжаттарын өткізуі қажет.

  1. Мақаланың қолжазбасы (Word-файл) көлемі шамамен 40 000 таңба пробелмен есептегенде (аннотациясын,тірек сөздерін, пайдаланған әдебиет тізімін қосқанда).
  2. Лицензияланған келісімшарт (бұл форманы қағазға шығарып, қолмен толтырып және басқа да автордың қолын қойдырып сканерлеп, көшірмесін эл.поштаға жолдауыңыз қажет).
  3. Автор туралы мәлімет(doc-файл):
    1. Автордың аты-жөнін толық көрсету(қазақ, орыс және ағылшын тілінде)
    1. Автордың ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы
    1. Ұйымның атауы (ЖОО, ҒЗИ және т. б.) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
    1. Ұйымның пошталық мекенжайы
    1. Байланыс үшін E-mail және байланыс телефоны
  4. Рецензенттер туралы ақпарат(екі-үш)  (doc файлы):
    1. Рецензенттің аты-жөні толық (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)
    1. Ғылыми дәрежесі, атағы, рецензент лауазымы
    1. Ұйымның атауы (ЖОО, ҒЗИ және т. б.))
    1. Рецензент жұмыс істейтін ұйымның пошталық мекенжайы
    1. Байланыс үшін E-mail және байланыс телефоны
  5. Сараптама комиссиясының қорытындысы (pdf-файл):
    1. Сараптама комиссиясының қорытындысына комиссия төрағасы (сарапшы) қол қоюға, сараптама комиссиясының төрағасы (сарапшы) жұмыс істейтін ұйымның басшысы бекітуге (қол қоюға) тиіс. Қорытынды сканерленіп, pdf файлда жіберілуі керек.