Тарихы

«Тілтаным» журналы 2001 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Уәлидің жетекшілігімен құрылды.

«Тілтаным» журналының мерзімімен шығып тұруына, оның сапасының жоғары болуына, ғылыми сұрыптау, түзетулердің жасалуына жауапты редакторлар ф.ғ.д., профессор З.М.Базарбаева мен ф.ғ.д., профессор Ж.Манкеева зор еңбек сіңіріп, сонымен бірге жауапты шығарушылар филология ғылымдарының кандидаттары А.Аманбаева, Ж.Жұмабаева, Г.Көбденова да өз үлесін қосып келеді.

«Тілтаным» журналына бастапқы жылдары тек Қазақстан шеңберіндегі зерттеушілер мен ізденушілер мақалалары, кейіннен АҚШ, Канада, Кипр, Венгрия, Швейцария, Ресей (Чувашия, Хакасия, Новосибирск), Голландия, Қырғызстан, Өзбекстан (Қарақалпақстан), Әзербайжан, Қытай, Түркия, Монғолиясекілдіелдердің ізденушілері мен ғалымдарының мақалалары жарияланып келеді. 

2003-2017 жылдары жарияланған мақалаларда қазақ лингвистикасының, тілтанымдық ғылыми ойдың дамуын көрсететін тіл білімінің өзекті мәселелері жарияланып отырды. Сондай-ақ тіл білімінің өзекті проблемаларын қамтитын, әсіресе қазіргі тіл ғылымында жаңа бағыттарға қатысты көптеген тың ізденістер бойынша мақалалар оқырманның (ізденуші, зерттеуші, тәлімгер) білім көкжиегін кеңейтуіне жол ашады.

Жақын арада журнал жоғары импакт-факторы бар басылымдардың қатарына кіруге лайық деп болжануда.